Баннер
13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ 330 ЖОБАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

9 октября, 2026
in Экономика
0
ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ 330 ЖОБАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Шымкентте бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды. Журналистер қордың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылып жатқан үш жобамен танысып, мемлекеттік қолдау тетіктерінің өндірісті жаңғыртудан бастап, сұранысқа ие мамандар даярлауға дейінгі бағыттарда нақты нәтижелер беріп отырғанына көз жеткізді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Даму» қоры кәсіпкерлерге үш негізгі бағыт бойынша қолдау көрсетеді. Олар – жеңілдетілген қаржыландыру, кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда қарыздарға кепілдік беру және несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
2026 жылдың басынан бері Шымкентте аталған үш қолдау тетігі аясында жалпы сомасы 28,11 млрд теңгені құрайтын 330 жобаға қолдау көрсетілді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Жеңілдетілген қаржыландыру құралдарының бірі – «Өрлеу» бағдарламасы. Бағдарлама аясында инвестициялық жобаларды жылдық 12,6%-ға дейінгі мөлшерлемемен, 10 жылға дейінгі мерзімге қаржыландыру қарастырылған. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың ең жоғары лимиті 7 млрд теңгеге дейін жетеді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
2026 жылдың басынан бері өңірде жеңілдетілген қаржыландыру бағыты бойынша жалпы сомасы 13,6 млрд теңгені құрайтын 153 жоба қолдау тапты. Оның ішінде 7,4 млрд теңге сомасындағы 24 жоба «Өрлеу» бағдарламасы аясында қаржыландырылды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«Даму» қоры даму институты ретінде Қазақстанның барлық өңіріндегі шағын және орта бизнестің сапалы дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде экономикалық тұрғыдан нақты нәтиже береді. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер өндірісін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, өңір экономикасына қосатын үлесін арттырады», – деді «Даму» қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әсет Тлемісов.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
2026 жылы кепілдік қолдау бағытында Кепілдік қорының 1 және 2 тетіктері іске асырылуда. Бұл құралдар кәсіпкерлерге өздерінің кепіл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қаржыландыру тартуға мүмкіндік береді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Кепілдік қорының 1-тетігі аясында қаржыландыру көлемі 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға қолдау көрсетіледі. Кепілдік мөлшері қаржыландыру сомасының 85%-ына дейін жетеді, алайда 3,5 млрд теңгеден аспайды. Ал қаржыландыру көлемі 7 млрд теңгеден асатын жобалар үшін Кепілдік қорының 2-тетігі қарастырылған. Ол жоба құнының 30%-ына дейін кепілдік беруді көздейді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
«1 қазандағы жағдай бойынша Шымкентте Қордың кепілдік қолдау бағыты аясында жалпы несие сомасы 22,4 млрд теңгені құрайтын 121 жобаға қолдау көрсетілді. Берілген кепілдіктер сомасы 11,01 млрд теңгеге жетті. Жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету салаларына тиесілі. Сонымен қатар 2026 жылдың басынан бері шағын бизнесті қолдауға арналған «Іскер аймақ» бірыңғай кешенді бағдарламасы аясында несие портфелінің жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрайтын 56 жаңа жоба субсидиялау құралы бойынша қолдау тапты», – деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының бағдарламаларды ілгерілету бөлімінің басшысы Сабыржан Исаков.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Баспасөз туры аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылып жатқан Шымкенттегі үш нақты жобаның жұмысымен танысты.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Алғашқы нысан – таеквондодан 2022 жылғы әлем чемпионы Омар Жұмабаев негізін қалаған HWARANG таеквондо академиясы. Жеке кәсіпкер Омар Дәулетбайұлы Жұмабаевтың бастамасымен құрылған академияда 4 пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер WT таеквондосы бойынша жаттығады. Спорт саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар негізін қалаушының жетекшілігімен мұнда жаттығу үдерісі кәсіби деңгейде ұйымдастырылған. Академияның негізгі мақсаты – балалардың физикалық дамуына ықпал ету, тәртіп пен рух күшін қалыптастыру және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу. Жоба «Өрлеу» бағдарламасы аясында қолдау тапқан.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Келесі нысан – жеке кәсіпкер Мөлдір Маратқызы Ескендірованың BY PARK HOTEL бутик-отелі. Абай саябағының маңында орналасқан заманауи қонақ үй қала ортасындағы жайлылық пен табиғат аясындағы тыныштықты үйлестірген. Мұнда қонақтарға арналған барлық қажетті жағдай жасалған 35 жайлы нөмір бар. Тұру құнына таңғы ас кіреді. Қонақ үй қызмет көрсету сапасына және демалушыларға қолайлы орта қалыптастыруға басымдық береді. Жоба пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралы арқылы қолдау тапқан.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Баспасөз турының соңында журналистер «AluTech» ЖШС өндіріс орнында болды. Кәсіпорын алюминий сымтемірі мен алюминий қорытпаларын өндіруге маманданған. Негізгі қызметі – алюминий дайындамалары мен құймаларын үздіксіз құю және илемдеу, кейін оларды дайын өнеркәсіптік өнімге дейін өңдеу. Кәсіпорын кабель-сым, электротехника және өнеркәсіптің басқа да салаларында қолданылатын өнімдер шығарады. Дайын өнім ішкі нарықта сатылып қана қоймай, Өзбекстан Республикасына және басқа да елдерге экспортталады. Жоба пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тетігі аясында жүзеге асырылуда.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Баспасөз туры журналистерге кәсіпорындардың жұмысымен тікелей танысуға, мемлекеттік қолдау құралдарының нақты жобаларға, отандық өндірістің дамуына және кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына қалай ықпал ететінін көруге мүмкіндік берді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Next Post

«ШЫМКЕНТ ВЕЛОМАРАФОНЫ» СПОРТТЫҚ ШАРАСЫНДА 350-ДЕН АСТАМ ВЕЛОШАБАНДОЗ БАҚ СЫНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check