Баннер
13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

9 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында жастардың ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, медиа және волонтерлік бағыттардағы бастамаларын қолдауға арналған грант конкурсына өтінімдер қабылдануда.
Шымкент қаласында жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту және қоғам өміріне араласуына жағдай жасау бағытында бірқатар жоба іске асырылуда. Ерекше қажеттіліктері бар жастарға арналған «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясында мәдени орындарға экскурсия, спорттық турнир, шығармашылық кеш пен көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Бақытты балалық шақ» психологиялық тимбилдингіне 250 бала қатысып, әлеуметтік бейімделу мен психологиялық саулықты нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысты. Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін «Бақыт мекені» жобасы аясында жастармен кездесулер, жас отбасылар арасында спорттық жарыстар мен интеллектуалды сайыстар өткізілді. Кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған «Кітап TIME» жобасы бойынша 9 кітап талқылауы мен 2 челлендж ұйымдастырылды. Қазан айында «Кітап кеші» фестивалін өткізу жоспарланған. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында жастардың ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, медиа және волонтерлік бағыттардағы бастамаларын қолдауға арналған грант конкурсына өтінімдер қабылдануда. Талапкерлерге кәсіби бағдар беру мақсатында білім беру жәрмеңкелері өткізіліп, оған 9 жоғары оқу орны мен 35 колледж қатысты. Қатысушыларға мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағытында NEET санатындағы жастармен де жұмыс жүргізілуде. 2026 жылғы қыркүйекте олардың саны 5 805 адамды құрады. Жастар ресурстық орталығы мамандары жастармен байланыс орнатып, қажеттіліктерін зерделеуде. Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Қалада жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуге арналған комьюнити орталығы да жұмыс істейді. Екі ай ішінде орталықта 3 мыңнан астам жас өз бастамаларын жүзеге асырып, түрлі ұйымдардың жұмысына қатысты. Республика күніне орай жастардың қатысуымен Ту көтеру рәсімі мен республикалық дебат турнирін өткізу жоспарланған. Бұл іс-шаралар жастардың отансүйгіштігін арттыруға және азаматтық белсенділігін нығайтуға бағытталған.

Previous Post

ШЫМКЕНТ ПЕН ДЕБРЕЦЕН ҚАЛАЛАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ 330 ЖОБАСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check