13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Штаб отырысында денсаулық сақтау саласының дайындығы пысықталды

30 марта, 2021
in Денсаулық
0
Штаб отырысында денсаулық сақтау саласының дайындығы пысықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен коронавирустың таралуының алдын алу штабының отырысы өтті. Онда денсаулық сақтау саласының дайындығы тағы бір рет пысықтады.

Өздеріңізге белгілі, қалада коронавируспен күрестің 3 сценарийі әзірленген болатын. Қазір А сценарийі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл сценарий бойынша 1380 төсек-орын дайын. B және С сценарийлері бойынша 5 мың төсек-орынға дейін дайындалады.

Қалада ӨЖЖ аппараттары мен оттегі, сонымен бірге дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау мекемелерінде 284 науқас коронавируспен ем алып жатыр. Толымдылық 20 пайызды құрайды. Одан бөлек симптомсыз 133 науқас үйлерінде емдеу үстінде.

Шымкент қаласында 29 наурыз күні коронавируспен 13 науқас тіркелді. Одан бөлек, 2345 адам коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған. Олар тіркелген емханалардың бақылауында. Мамандар қарым-қатынаста болғандарға күнделікті хабарласып, үйде карантин режимін сақтау керек екенін ескертіп айтуда. Алайда, соған қарамастан симптомсыз науқастар мен қарым-қатынаста болғандар сыртқа шығып кетіп жатқан жағдайлар жоқ емес.

Қала әкімі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды тілге тиек етіп, қала тұрғындарын бетперде киіп жүруге, көпшілік орындарға бармауға, басқа да санитарлық талаптарды сақтап жүруге шақырды. Санитарлық талаптардың орындалуын қадағалайтын мобильді топтардың жұмысын күшейте түсуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kzШымкент
Previous Post

На заседании штаба была отработана готовность сферы здравоохранения

Next Post

Шымкент : Әскери қылмыстық ізге түсу органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің жай-күйі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі