13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

АСТАНА ТӨРІНДЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

27 октября, 2026
in Экономика
0
АСТАНА ТӨРІНДЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

24-25 қазан күндері елордамыз — Астана қаласындағы «Qazaq Creative Hub» орталығында Креативті индустрияларды дамыту қорының Creative Aimaq жобасы аясында Шымкент қаласының креативті жәрмеңкесі іс-шарасы өтті. Екі күнге созылған іс-шараға қолөнершілер, дизайнерлер, өнер өкілдері мен инновациялық жобаларды әзірлеушілер қатысты.

Жәрмеңкенің салтанатты ашылуында оңтүстік өңірдің ұлттық өнерін дәріптеген «Қаратау» музыкалық ансамблі өнер көрсетті. Алғашқы күннің басты оқиғаларының бірі – Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры сахналаған «О, қала!» әдеби-музыкалық қойылымы. Спектакль Шәмші Қалдаяқов пен Ержан Серікбаевтың шығармашылығына арналды.

Жәрмеңкеде шымкенттік шеберлердің ұлттық киімдері, авторлық әшекейлері, кілемдері, киізден, қыштан, былғарыдан және ағаштан жасалған бұйымдары ұсынылды. Келушілер қолөнершілермен танысып, ұнаған өнімдерін сатып алуға және олардың жасалу ерекшеліктерін білуге мүмкіндік алды.
Шымкенттің технологиялық жобалары да көпшілік назарына ұсынылды. Олардың қатарында алақан тамырлары арқылы төлем жасауға мүмкіндік беретін Alaqan, қолжазбаны жасанды интеллект көмегімен танып, өңдейтін Qalam AI ақылды қаламы және мал шаруашылығына арналған QazTracker цифрлық жүйесі бар. Сондай-ақ, «САҚ» киностудиясы шығармашылық жұмыстарын таныстырды.

25 қазан — Республика күні Шымкент қаласының креативті жәрмеңкесі жалғасты. Екінші күннің бағдарламасында қазақ анимациясы, театр өнері, музыка мен дәстүрлі қолөнерге ерекше көңіл бөлінді. Көрермендерге «САҚ» киностудиясының «Айбынды аула», «Тоқты мен Серке» мультсериалдары мен «Ахмет» анимациялық фильмі көрсетілді.

Жұмат Шанин атындағы театрдың «О, қала!» әдеби-музыкалық қойылымы қайта сахналанып, «Қаратау» ансамблі концерттік бағдарламасын ұсынды.
Сонымен қатар, ұлттық әшекей бұйымдарын жасау, киіз басу және құрақ құрау бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Келушілер де дәстүрлі қолөнер тәсілдерімен танысып, бұйым жасауға қатысты.
Creative Aimaq жобасының мақсаты – өңірлік брендтерді таныту, креативті кәсіпкерлерді қолдау және олардың өнімдерін өткізуге жаңа мүмкіндіктер ашу. Жәрмеңке шымкенттік шеберлер мен дизайнерлерге,кәсіпкерлерге елорда тұрғындарына бұйымдарын ұсынып, жаңа сатып алушылар табуға жол ашты. Мұндай көрмелер алдағы уақытта өткізілетін болады дейді ұйымдастырушылар.

Previous Post

БАТПЫРАУЫҚТАР ФЕСТИВАЛІ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check