13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

27 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ПӘТЕРЛЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте 30 жаңа пәтердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Көп қабатты үйлер Бозарық және Асар-2 шағынаудандарында пайдалануға беріліп отыр. Жаңа баспаналар заманауи талаптарға сай салынып, қажет инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген.

Пәтерлер сатып алу құқығымен жалға берілді. Баспаналы болғандар қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Айта кетейік, пәтер кілттерін алу әр отбасы үшін маңызды оқиға болып, тұрақты әрі жайлы өмірге қадам басуға мүмкіндік берді. Қала әкімдігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін азаматтардың баспанаға қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та тұрғын үй мәселесінің әлеуметтік маңызына ерекше назар аударып келеді. Президент 2025 жылғы Ұлттық құрылтайда: «Тұрғындарға, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға баспананың қолжетімді болуы – тұрмыс сапасының жақсарғанын білдіретін негізгі көрсеткіш», – деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, оның мәліметінше, 2024 жылы мемлекет әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін 21 мыңға жуық пәтер сатып алған. Бұл баспана мәселесін шешу елдің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін көрсетеді.

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіру мақсатында заңнамалық өзгерістер де қолға алынған. Атап айтқанда, 2024 жылғы 22 қарашада тұрғын үй саясатын реформалауға бағытталған заңға қол қойылды. Құжатта баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алу мен тұрғын үйді бөлу тәртібін жетілдіру, қолдау шараларының ашықтығын арттыру және әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғау көзделген. Сонымен қатар, заңда тұрғын үйді бөлу кезінде азаматтардың кезекке тұрған уақыты мен табыс деңгейін ескеру тетіктері қарастырылған.

Мұндай бастамалардың түпкі мақсаты – әрбір азаматтың баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтіп, отбасылардың әлеуметтік тұрақтылығын нығайту. Себебі тұрғын үй – тек баспана ғана емес, баланың алаңсыз өсуіне, отбасының болашағын жоспарлауына және қоғамдағы өмір сапасының артуына негіз болатын маңызды құндылық. Шымкентте әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды тұрғын үймен қамту бағытындағы жұмыстардың жалғасуы осы міндеттердің кезең-кезеңімен жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ЕРЕКШЕ СӘН-САЛТАНАТПЕН АТАЛЫП ӨТТІ

Next Post

30 СЕМЕЙ ПОЛУЧИЛИ КВАРТИРЫ С ПРАВОМ ВЫКУПА В ШЫМКЕНТЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі