13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЛА АРДАГЕРЛЕРІ СПОРТТЫҚ ТУРНИРДЕ БАС ҚОСТЫ

20 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
ҚАЛА АРДАГЕРЛЕРІ СПОРТТЫҚ ТУРНИРДЕ БАС ҚОСТЫ
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте Халықаралық қарттар күніне орай қаланың бес ауданының ардагерлерін біріктірген спорттық турнир ұйымдастырылды. 60 адам қатысқан дәстүрлі сайыс биыл сегізінші рет өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйледі. Ол қалалық ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмысына жоғары баға беріп, аға буын өкілдеріне айрықша құрмет көрсету қажеттігін атап өтті.

Қала ардагерлері қоғамдық өмірге белсене араласып, жастарға денсаулықты бағалаудың, бір-біріне қолдау көрсетудің үлгісін көрсетіп келеді. Аға буын өкілдері еліміз бен қаламыздың дамуына зор үлес қосып, саламатты өмір салтын насихаттау іс-шараларына да белесене қатысады.

Бағдарламаға спорттың бес түрі енгізілген. Олар – бильярд, үстел теннисі, шахмат, дойбы және волейбол. Әр қатысушы алдымен өз ауданында іріктеуден өтіп, үздіктері қалалық финалдық кезеңде бас қосты. Жарыстарды өткізу үшін арнайы спорт залдары әзірленген. Жарыс барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға медальдар, кубоктар мен грамоталар табысталады. Дегенмен ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнирдің мәні жүлделі орындар үшін күреспен ғана шектелмейді.

– Біздің мақсатымыз – ардагерлер арасында спортпен тұрақты шұғылдануды насихаттау, олардың белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайту. Ең бастысы – жарыстың нәтижесі емес, спортқа деген қызығушылық. Біз аға буын өкілдерінің көбірек қозғалып, жиі жүздесіп, қала өміріне белсенді араласа бергенін қалаймыз, – дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев.
Оның айтуынша, мұндай турнир қалада тұрақты өткізілуде. Осы жылдар ішінде турнир әртүрлі ауданда тұратын, бірақ рухани жақындығы мен ортақ қызығушылықтары бар адамдарды біріктіретін жақсы дәстүрге айналды.
Ардагерлердің жігері мен қала өміріне араласуға деген құлшынысы, өз қатарластырмен сайысқа түсуі құрметке ғана емес, қолдауға да лайық. Бұл іс-шараның жастарға да берер тағылымы мол.

Мұндай тағылымды шаралар ардагерлердің өзара байланысын нығайтып қана қоймай, қоғамда ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға да ықпал етеді. Спорт алаңында бас қосқан аға буын өкілдерінің белсенділігі мен өмірге деген құлшынысы – жас ұрпақ үшін өнеге. Сондықтан ардагерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қоғамдық және спорттық шараларға қатысуына жағдай жасау алдағы уақытта да маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ТЕКТІКТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Next Post

ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРКЕСІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНЫЛУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check