13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТТАРМЕН БЕРІЛЕТІН БАСПАНА САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

30 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАРТТАРМЕН БЕРІЛЕТІН БАСПАНА САНЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қала тұрғындарын жеңілдетілген шарттармен баспанамен қамту жұмысы жалғасуда. Жаңа үйлерден тағы 30 отбасы пәтер кілттерін алды. Кілттерді табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Пәтерлер Ақжайық, Бозарық және Асар-2 шағынаудандарында орналасқан. Бұл үйлер пайдалануға беріліп, қажет инженерлік желілерге қосылған және белгіленген құрылыс талаптарына сай келеді.

Баспана алу құқығына төлем қабілеттілігін растаған азаматтар ие болды. Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар, көп балалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.

Айта кетейік, жеңілдетілген шарттармен пәтер беру қала тұрғындарының баспаналы болуына қосымша мүмкіндік береді. Шымкент қаласының әкімдігі тұрғын үй қорын дамыту және баспананың қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.

2026 жылы қалада тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіштерін арттыруға басымдық беріліп отыр. Жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалпы 7 386 пәтер беру жоспарланған. Оның 4 568-і несиелік тұрғын үй болса, 2 818-і жалға берілетін пәтерлер. 11 қыркүйектегі ресми мәлімет бойынша, жоспарланған пәтерлердің 3 699-ы азаматтарға табысталған. Оның ішінде 2 192 отбасы несиелік баспанаға, 1 507 отбасы жалға берілетін тұрғын үйге қол жеткізген. Қалған 3 687 пәтерді жыл соңына дейін беру көзделген.

Тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында шаһарда жаңа нысандардың құрылысы да қарқын алған. Шымкент қаласы Құрылыс басқармасының мәліметінше, 2026 жылы қала аумағында тұрғын үй, инженерлік инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды қамтитын 66 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар жалпы ауданы 102 мың шаршы метрді құрайтын 32 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жұмыстар қаладағы тұрғын үй қорын толықтырып қана қоймай, халық саны артып келе жатқан мегаполистің инфрақұрылымдық әлеуетін нығайтуға да ықпал етеді.

Бұдан бөлек, тұрғындардың баспана сатып алу мүмкіндігін кеңейту мақсатында мемлекеттік қолдау тетіктері де жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Отбасы банк» арқылы ұсынылатын «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары азаматтарға тиімді шарттармен тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2026 жылы Шымкентте тұрғын үй сертификаттарын беру тетігі қарастырылған. Сертификат ипотекалық несие рәсімдеу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға бағытталған. Оның мөлшері қарыз сомасының 10 пайызына дейін, бірақ 1 миллион теңгеден аспайды. Мұндай қолдау әсіресе әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен баспанаға мұқтаж отбасылар үшін маңызды.

Жалпы, Шымкентте тұрғын үй саясаты бірнеше бағытта жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жаңа тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу, жалға берілетін және несиелік пәтерлер санын арттыру, сондай-ақ жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін ұсыну – қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар. Алдағы уақытта да баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдау, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және заманауи талаптарға сай тұрғын үй қорын қалыптастыру жұмыстары жалғасын табады.

Previous Post

2027 ЖЫЛДАН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ӨЗГЕРЕДІ: КІМНІҢ ТӨЛЕМІ ҚЫСҚАРАДЫ, КІМГЕ ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛМЕЙДІ?

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ РАСШИРЯЕТСЯ ДОСТУП К ЛЬГОТНОМУ ЖИЛЬЮ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі