13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мыңжылқы Бердіқожаев Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды

29 марта, 2021
in Қоғам
0
Мыңжылқы Бердіқожаев Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымшаһарда тағы да кадрлық ауыс-түйіс. Бұл жолы білікті дәрігер, білгір нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев  жаңа қызметке тағайындалды.

Жағымды жаңалықпен бөліскен Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан фейсбук әлеуметтік желісінде дүйім жұртқа жаңа кадрды таныстырды. Ол қалалық №2 аурухананың бас дәрігері қызметіне кірісіпті.

Мыңжылқы Бердіқожаев – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының түлегі, «Болашақ» бағдарламасымен Ресей әскери-медициналық академиясында (Санкт-Петербор) клиникалық тәжірибеден өткен. 2008 жылдан бастап Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ми-қан тамырлары бөлімінде жұмыс істеді. 2014 жылы Алматыдағы №7 қалалық ауруханада интервенциялық хирургия бөлімін ашуға мұрындық болды. Мұнда алғашқы 2 жылда-ақ оңтүстік облыстардағы науқастардың ми тамырларына 330 ота жасалды. Отандық эндоваскулярлы нейрохирургияның негізін қалаған Мыңжылқы Бердіқожаев 2016 жылдан Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханада нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі болды.

Шыңғыс Жұмабекұлы үшінші мегаполиске қоныс ауыстырған білікті дәрігермен былтырдан бері келіссөз жүргізіп келгенін айтты. Сондай-ақ «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев үшінші мегаполистің медицина саласын дамытуда адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

– Бердіқожаев атақты “Совминканың” нейрохирургия бөлімінің жетекшісі. Мыңжылқыны бүкіл Қазақстаннан іздеп келеді. Консультациясына кезекке тұрады. Тіпті бір-бірінен естіп, Қырғызстан мен Өзбекстаннан да Мыңжылқыны іздеп келіп жатқан науқастар бар. Шетелдіктерге жасалған әр отасы 20 мың долларға бағаланады. Ол қаржы елге, денсаулық саласына келеді. Қазір қаржы науқастың ізінен жүреді. Егер науқастар Оралдан немесе Семейден ота жасау үшін Шымкентке келетін болса, қаржы да Шымкентке келеді, – деп мәлімдеді Шыңғыс Мұқан.

Қала басшылығының сөзінше, Шымшаһарда медицина туризміне де айырықша көңіл бөлінуде. Шыңғыс Жұмабекұлы бұл ретте білікті кадрлардың көп болғанын құп көретінін де жеткізді.

– Санаулы жылдардан соң халықтың көбі Шымкентке келіп емделетін болады. Қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы Шымкентте 1000 төсек-орындық суперзаманауи, сервисі 5 жұлдызды қонақүйдей аурухана салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іске қосылған соң, Түркия немесе Кореяға емделуге баратындар аттың басын Шымқалаға бұратын болады. Жалпы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласының алдында тұрған міндет мынадай, қаладағы ауруханалардың бір бөлімі болса да республикалық дәрежеде қызмет көрсете алуы тиіс. Біздің №1 аурухана трансплантология бойынша, №2 аурухана нейрохирургия бойынша маманданған саласының Қазақстандағы «нөмір бірінші» болуы керек. Медицина туризмін дамыту үшін мамандарымыз мықты болуы қажет, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Previous Post

Мақтааралдық депутат тұрғындарға қолдау көрсетті

Next Post

На заседании штаба была отработана готовность сферы здравоохранения

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі