13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

19 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

19 қазанда Қазақстанда Құтқарушылар күні атап өтіледі. Кәсіби мерекеге орай Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында салтанатты іс-шара өтті.

Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсім басталмас бұрын арнайы құтқару техникасы мен заманауи жабдықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Қала әкімі ұсынылған техникалармен танысып, олардың төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою кезіндегі мүмкіндіктерін көрді.

Кәсіби мерекемен құттықтаған қала әкімі құтқарушыларға батылдығы, жанқиярлығы және қызметтік борышына адалдығы үшін алғыс білдірді. Ол құтқарушы мамандығы асқан жауапкершілікті, жоғары кәсібилікті және ең күрделі жағдайларда да адамдарға көмек көрсетуге дайын болуды талап ететінін атап өтті. Бірқатар қызметкерге қала әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Сонымен қатар, қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Тілеуберді Мәдиев Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің құттықтауын жеткізді. Азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлері, сондай-ақ, құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының мамандары медальдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Бұған қоса бірнеше қызметкерге кезекті арнайы атақтар берілді. Салтанатты іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Айта кету керек, қала аумағының кеңеюіне байланысты төтенше жағдайлар қызметтерінің инфрақұрылымын дамыту айрықша маңызға ие болып отыр. Қазіргі таңда Шымкентте жаңа өрт сөндіру деполары салынып, төтенше жағдайлар қызметі, жедел медициналық жәрдем және полиция бөлімшелерін біріктіретін заманауи көпфункционалды сервистік орталықтар ашылуда.

Сонымен қатар арнайы техникалар паркі жаңартылып жатыр. Бұл жұмыстар төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыру және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалғасын табады.

Жалпы, құтқарушылардың кәсіби мерекесі – күнделікті қызметінде адам өмірін арашалауды басты міндет санайтын азаматтардың еңбегіне құрмет көрсететін ерекше күн. Олардың ерлігі мен табандылығы қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауда айрықша рөл атқарады. Осы орайда, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша құтқарушыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық және жауапты қызметтеріне табыс тілейміз!

Previous Post

ДВА НОВЫХ МОДУЛЬНЫХ СПОРТИВНЫХ ЗАЛА ОТКРЫЛИ В ШЫМКЕНТЕ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ЖҮРЕКТЕРДІ КІТАППЕН ЖАЛҒАҒАН «КІТАП ТҮНІ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі