13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

15 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкентте білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, қаржылық тәртіпті жетілдіру және цифрлық бақылау тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды. 15 қазанда басталған өңіраралық тәжірибелік семинар-кеңес қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырысты іске асыру тәжірибесін таратуға арналды. Жиын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған.
Семинарға орталық мемлекеттік органдардың, «Қазақтелеком» АҚ мен «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері, еліміздің 11 өңірі әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ, білім беру, экономика, цифрландыру, спорт және мәдениет салаларының басшылары мен мамандары қатысты. Кездесуде бюджет қаражатын ұтымды пайдалану, білім беру қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік тапсырысты бақылау мәселелері қаралды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек білім беру жүйесін дамытуда қолда бар ресурстарды тиімді басқарудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, саланың тұрақты дамуы үшін қаржыландыру көлемімен қатар, қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен басқарушылық шешімдердің нәтижелілігіне де басымдық берілуі керек.
– Білім беру жүйесін дамытуда ең алдымен қолда бар мүмкіндіктерді дұрыс бағалап, ресурстарды нақты қажеттілікке қарай бағыттау маңызды. Бұл ретте қаржылық тәртіпті күшейтіп қана қоймай, жоспарлау мен бақылау жұмыстарын жетілдіру қажет. Әр басқарушылық шешім нақты нәтижеге негізделіп, балалардың сапалы әрі қолжетімді білім алуына ықпал етуі тиіс, – деді Сәрсен Абайұлы.
Қалада білім беру саласын жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – ресурстар тапшылығы жағдайында қолданыстағы инфрақұрылымның мүмкіндігін барынша тиімді пайдалану. Бұл ретте білім беру ұйымдарының қажеттіліктерін жүйелі бағалау, қаржыландыруды жоспарлау және бөлінген қаражаттың нәтижесін бақылау өзекті болып отыр. Нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін атқарылған жұмыстың көлемін ғана емес, оның сапалық көрсеткіштерін де ескеру қажет.
Семинар барысында цифрлық бақылау құралдарын енгізу мәселесі де кеңінен сөз болды. Шымкент қаласында қосымша білім беруге арналған бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың пилоттық жобасы аясында балалар туралы қайталанатын жазбаларды жою, қызмет көрсетілгенін растау және қаржыландыруды нақты қызмет алушымен байланыстыру тетіктері енгізілген. Сонымен қатар, мемлекеттік мектептердің бос қуаттарын пайдалану арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды кеңейту жолдары қарастырылды.
Previous Post

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ ТРИ ДОМА ШАХМАТИСТОВ

Next Post

В ШЫМКЕНТЕ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ЭФФЕКТИВНОГО УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ РЕСУРСАМИ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі