Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен насихаттау және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытында Шымкент қаласында «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті.
«Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылған іс-шараны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өткізді.
Республикалық деңгейдегі ойынға еліміздің әр өңірінен келген Жайдарман командалары қатысты. Жастар сахна төрінде әзіл мен тапқырлықты ұштастыра отырып, заңға құрмет, адалдық, жауапкершілік және құқықтық сауаттылық тақырыптарын көрермен назарына ұсынды.
«Заңды күлкі» ойынының басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырумен қатар, заң талаптарын сақтаудың маңызын шығармашылық форматта түсіндіру. Командалар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізіп, көрермендерді құқықтық жауапкершілікке және азаматтық ұстанымға шақырды.
Іс-шара барысында жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауға және заңды құрметтеуге ерекше мән берілді. Жайдарман сияқты жастарға жақын әрі танымал форматты пайдалану құқықтық тақырыптарды кең аудиторияға түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды негіздерінің бірі. Бұл бағытта жастардың құқықтық сауатын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және адалдық құндылықтарын дәріптеу маңызды.
«Заңды күлкі» республикалық ойыны аталған құндылықтарды насихаттаудың заманауи тәсілдерінің бірі ретінде жастардың белсенділігін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар іс-шара жас буынның шығармашылық әлеуетін қолдап, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік берді.
Ойын қорытындысы бойынша:
— І орын — «Шум болалар» (Өзбекстан) — 1 000 000 теңге.
— ІІ орын — «Ақпен бірге» (Астана) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
— ІІІ орын — «Шапалақ» (Талдықорған) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
Тегін ұйымдастырылған ойын жастардың шығармашылық әлеуетін қолдап, құқықтық сауаттылық пен заңға құрметті арттыруға үлес қосты.
Осындай мазмұндағы жобалардың тұрақты түрде өткізілуі жастар арасында заңға құрметті қалыптастырып, құқықтық мәдениетті нығайтуға және «Заң және тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен орнықтыруға септігін.




