13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте егін жинау науқаны қорытындыланып, ауыл шаруашылығы өндірісі кеңеюде

21 сентября, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкентте егін жинау науқаны қорытындыланып, ауыл шаруашылығы өндірісі кеңеюде
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте биылғы егін жинау науқаны қорытындыланып, ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі көрсеткіштер жарияланды. 2026 жылы қала аумағында ауыл шаруашылығы дақылдары 21,1 мың гектар жерге егіліп, науқан нәтижесінде 80 мың тоннадан астам өнім жиналды.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбековтың мәліметінше, биыл дәнді дақылдар 6,4 мың гектар алқапқа орналастырылған. Оның ішінде 5,3 мың гектарға бидай, 1,1 мың гектарға арпа егілді. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 15-20 центнерді құрады.

Майлы дақылдар 3 мың гектар аумақта өсіріліп, оның негізгі бөлігін мақсары құрады. Бұл бағыттағы орташа өнімділік гектарына 10,8 центнер болды. Сонымен бірге 9,8 мың гектар жерге мал азықтық дақылдар, 1,8 мың гектарға көкөніс пен бақша дақылдары егілді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттыру және қала тұрғындарының азық-түлікке деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары жүзеге асырылуда. 2026 жылы егін шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттен 863,3 млн теңге қарастырылған.

Оның ішінде минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 75 млн теңге, жылыжайлардың коммуналдық шығындарын арзандатуға 767,8 млн теңге және тұқым шаруашылығын дамытуға 20,5 млн теңге бағытталған.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге де көңіл бөлінген. Биыл қаладағы шаруашылықтарға жалпы 491 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді. Оның 312 тоннасы көктемгі дала жұмыстарына, 179 тоннасы күзгі жұмыстарға қарастырылған. Жеңілдетілген отынның бағасы литріне 281 теңгені құрады.

Салада өндіріс тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізу жұмыстары да жалғасып келеді. Қалада жалпы аумағы 140 гектар болатын заманауи жылыжай кешендері жұмыс істейді. Оның 93 гектары өнеркәсіптік, 47 гектары фермерлік бағыттағы жылыжайларға тиесілі.

Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында 53 шаруашылық тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын қолданады. Бұл әдістер шамамен 340 гектар ауыл шаруашылығы алқабында пайдаланылып, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Ауыл шаруашылығындағы өсім мал шаруашылығы көрсеткіштерінен де байқалады. Қалада сүт өндіру көлемі 5,2 пайызға артып, 45,8 мың тоннаға жетті. Тауық жұмыртқасын өндіру көлемі де 1,5 пайызға өсіп, 134,1 млн дана болды.

2026 жылғы 1 тамыздағы мәлімет бойынша қала аумағында 95,3 мың бас ірі қара, 116 мың бас ұсақ мал, 20,8 мың жылқы және 1,1 млн құс тіркелген.

Жалпы, 2026 жылдың жеті айында Шымкенттегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 34,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының үлесі 27,7 млрд теңге болса, өсімдік шаруашылығы 6,2 млрд теңгені құрады. Өндіріс көлемінің көрсеткіштері тиісінше 101,8 және 116,8 пайыздық деңгейде қалыптасты.

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда қайта өңдеу кәсіпорындарын құру мен өндірістік қуаттарды кеңейтуге де басымдық беріліп отыр. Қазіргі уақытта қалада бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, қуаттылығы 4,3 мың тонна болатын тауарлы сүт фермасы, екі заманауи жылыжай кешені және жұмыртқа өндіруге бағытталған екі құс фабрикасы өндірісін кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымы дамып келеді. Қалада жалпы сыйымдылығы 125,5 мың тонна болатын сегіз заманауи климаттық көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді. Олардың жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған жалпы аумағы 72,2 мың шаршы метрді құрайды.

Олардың ішіндегі ең ірісі – 90 мың тонна өнім сақтауға мүмкіндік беретін көкөніс қоймасы. Нысан «СҚО тәжірибесі» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен қаржыландырылған.

Осы жоба шеңберінде тағы бірнеше өндірістік нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, қуаттылығы 2,5 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы, 4,3 мың тонналық тауарлы сүт фермасы және жылына 100 млн дана жұмыртқа өндіруге арналған кәсіпорын республикалық бюджеттен қаржыландырылып, қазіргі таңда құрылыс кезеңінде тұр.

Жалпы, Шымкенттегі ауыл шаруашылығы саласының қазіргі бағыты тек өнім көлемін арттырумен шектелмей, оны сақтау, өңдеу және нарыққа тұрақты жеткізу жүйесін қалыптастыруға бағытталып отыр. Егін шаруашылығына заманауи технологиялардың енгізілуі, мал шаруашылығының дамуы және жаңа өндірістік нысандардың іске қосылуы қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін негізгі факторлардың бірі болып отыр.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Next Post

Шымкентте азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және жергілікті өнімді қолдауға басымдық берілуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі