13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ АЛҒАШ РЕТ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ НАРЫҒЫНА ЖІБЕРІЛДІ

17 сентября, 2026
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ АЛҒАШ РЕТ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ НАРЫҒЫНА ЖІБЕРІЛДІ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстандық дәрінің Еуропалық одақ нарығына шығуы өндірісті халықаралық талаптарға бейімдеу бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесі болды. Қазақстанның фармацевтика саласы үшін маңызды оқиға Шымкент қаласында орын алды. Елімізде өндірілген дәрілік препарат алғаш рет Еуропалық одақ нарығына жөнелтілді. Қазақстандық өнімнің алғашқы партиясы Болгария Республикасына экспортталды. Еуропа нарығына жіберілген SIGLETIC 100 мг №28 препаратының 7 841 қаптамасын Шымкенттегі «Химфарм» АҚ өндірген. Кәсіпорын халықаралық Polpharma Group құрамына кіреді және өнімдерін SANTO сауда белгісімен шығарады. Құрамында ситаглиптин бар бұл дәрілік препарат екінші типті қант диабетімен ауыратын ересек науқастардың қанындағы глюкоза деңгейін бақылау үшін қолданылады. Өнімнің алғашқы партиясы Шымкент қаласынан жөнелтілді.

Салтанатты рәсімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлері, серіктестер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қазақстандық дәрінің Еуропалық одақ нарығына шығуы өндірісті халықаралық талаптарға бейімдеу бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижесі болды. Кәсіпорын өндірістік қуаттарын жаңартып, өнім сапасына қойылатын халықаралық стандарттарды енгізді. Бұл шаралар еуропалық нарықтың талаптарына сай дәрі өндіруге мүмкіндік берді. 2025 жылы еуропалық реттеуші органдар жүргізген инспекция қорытындысы бойынша «Химфарм» АҚ Еуропалық одақтың GMP талаптарына сәйкестік сертификатын алды. Аталған құжат кәсіпорындағы өндірістік процестердің еуропалық талаптарға сәйкес келетінін растады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұл оқиғаның Қазақстан фармацевтикасы үшін маңызын атап өтті.

«Бүгін Шымкент қаласында Қазақстанның фармацевтика саласы үшін маңызды оқиға орын алды. Отандық дәрі алғаш рет Еуропалық одақ нарығына шықты. Бұл қазақстандық өндірістің халықаралық талаптарға сәйкестігін көрсетіп, экспорттық мүмкіндіктерге жаңа жол ашады», деді қала әкімі. «Химфарм» кәсіпорнының тарихы 1882 жылдан басталады. 2011 жылдан бері кәсіпорын Polpharma Group құрамында жұмыс істеп келеді. Бүгінде зауытта 967 адам еңбек етеді. Қолданыстағы өндіріс орнына салынған инвестиция көлемі 130 млн АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорынның қазіргі өндірістік қуаты жылына 1 млрд данаға дейін қатты дәрілік қалыптағы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Зауытта таблеткалармен қатар инъекциялық және инфузиялық ерітінділер, ұнтақ түріндегі антибиотиктер және сұйық дәрілік заттар өндіріледі. Компания өндіріс көлемін одан әрі арттыруды көздеп отыр. Қазіргі таңда аумағы 17 гектар болатын учаскеде құны 39,5 млрд теңгені құрайтын жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жоба 2026–2036 жылдарға жоспарланған. Ол толық іске қосылғаннан кейін таблетка өндірісінің көлемі жылына 2 млрд данаға дейін ұлғайып, кәсіпорында 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Қазақстандық дәрінің Еуропалық одақ нарығына алғаш рет экспортталуы отандық фармацевтика өндірісінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге жол ашады. Бұл Шымкенттегі жоғары қосылған құны бар өндірісті дамытуға және жергілікті кәсіпорындардың халықаралық нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған жұмыстардың жаңа кезеңін көрсетеді.

 

Previous Post

Қаратау ауданында тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланды

Next Post

Шымкентте отбасылық құндылықтарды нығайтуға арналған семинар өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі