13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қаратау ауданында тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланды

17 сентября, 2026
in Жаңалықтар
0
Қаратау ауданында тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланды
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен көшпелі кездесулері Қаратау ауданында жалғасты. Кездесу барысында Таскен, Нұртас, Нұрсат және Тараз шағынаудандарының тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Жиында тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін абаттандыру, көлік және инженерлік инфрақұрылым мәселелеріне басымдық берілді. Атап айтқанда, автотұрақтарды ұйымдастыру, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу, ирригациялық арықтарды ретке келтіру және балалар ойын алаңдарын қажетті құралдармен толықтыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар тұрғындар аялдамаларды орнату және жаңарту мәселесін көтерді. Қоғамдық көлік инфрақұрылымын жетілдіру тұрғындардың күнделікті қатынасын жеңілдетіп, елді мекендердегі жайлы ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кездесуде тұрғын үй мәселесіне де ерекше назар аударылды. Тұрғындар үй кезегіне тұру, аулаларды абаттандыру, тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасына қатысу талаптары және көпқабатты үйлердегі жеделсатыларды ауыстыру жөнінде сұрақтарын қойды.

Осыған байланысты қала әкімі жауапты мамандарға тұрғындармен жеке кездесулер ұйымдастырып, тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасының талаптарын жан-жақты түсіндіруді тапсырды. Сонымен қатар көппәтерлі үйлерді күтіп-ұстау тәртібі мен тұрғындардың жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Тұрғындар инженерлік инфрақұрылымға қатысты мәселелерді де ортаға салды. Атап айтқанда, үй ішіндегі инженерлік желілердің жағдайы, газ қысымының төмендігі және электр қуатындағы ақаулар туралы шағымдар айтылды.

Қала басшысы бірқатар тұрғын алаптардағы газ және электр желілерінің жеке меншікке тиесілі екенін атап өтті. Сонымен бірге кейбір аумақтарда қолданыстағы трансформаторлардың қазіргі жүктемені толық көтере алмай отырғаны айтылды. Осыған байланысты инженерлік желілерді жаңарту және энергетикалық инфрақұрылымның мүмкіндігін арттыру қажеттігі сөз болды.

Қазіргі таңда Шымкентте мемлекеттік газ және электр желілерін кезең-кезеңімен салу, сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалар инженерлік желілердің тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасауға бағытталған.

Кездесу соңында қала әкімі көтерілген әрбір мәселені жеке қарастырып, оның шешу жолдары мен орындалу мерзімдерін нақтылауды тапсырды. Қаратау ауданының әкіміне тұрғындардан түскен барлық өтінішті жан-жақты пысықтап, атқарылған жұмыстар туралы халыққа тұрақты ақпарат беруді міндеттеді.

Тұрғындармен мұндай көшпелі кездесулер жергілікті жердегі мәселелерді тікелей зерделеп, жауапты сала мамандарымен бірге нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Аудандағы инфрақұрылым мен абаттандыру мәселелерін кезең-кезеңімен шешу тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталмақ.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ АЛҒАШ РЕТ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ НАРЫҒЫНА ЖІБЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі