13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды

16 сентября, 2026
in Uncategorized
0
Шымкентте әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте халыққа қажетті әлеуметтік нысандарды салу және қолданыстағы ғимараттарды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Биыл қалада білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және төтенше жағдайлар салаларындағы маңызды нысандарды іске асыруға басымдық беріліп отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ердәулет Қылышбекұлы мәлімдеді.

Білім беру саласында биыл жеті нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың қатарында №19, №16, №121 және №82 мектептері, №122 және №66 мектептеріне арналған қосымша ғимараттар, сондай-ақ Сайрам колледжінің 300 орындық жатақханасы бар.

Жоспарланған жұмыстардың бір бөлігі аяқталып, мамыр айында екі нысан пайдалануға берілген. Қыркүйек айында тағы үш нысан іске қосылды. Қалған екі нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қаладағы сегіз білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық нысан жаңа оқу жылына пайдалануға беріліп, оқушылар мен педагогтер үшін оқу жағдайын жақсартуға мүмкіндік жасалды.

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласында да бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылуда. Биыл үш нысанды іске асыру жоспарланған. Оның ішінде №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына арналған 50 орындық қосымша ғимарат және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 150 орындық оңалту орталығы бар. Екі нысанды жыл соңына дейін аяқтау көзделген.

Ал №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын күрделі жөндеу жобасы келесі жылға өтпелі нысан ретінде белгіленген. Бұл жұмыстар әлеуметтік қызмет алушылар үшін қажетті жағдайларды жақсартуға бағытталған.

Төтенше жағдайлар саласындағы инфрақұрылым да жаңартылып келеді. Жаңаталап және Бозарық-3 шағынаудандарында жедел қызмет көрсету орталықтарын, сондай-ақ Тұран шағынауданында төрт арнайы техникаға арналған өрт сөндіру депосын салу жоспарланған.

Бозарық-3 шағынауданындағы жедел қызмет көрсету орталығы мамыр айында пайдалануға берілді. Қалған екі нысанның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа нысандар төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыруға және арнайы қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласында да құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары қатар жүргізілуде. Қазіргі таңда бес нысан бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Олардың қатарында Ақжайық шағынауданындағы 200 төсектік перинаталдық орталық, Абай ауданындағы 500 келушіге арналған емхана және №2 қалалық аурухана аумағындағы қосымша корпус бар.

Сонымен бірге Тұран ауданындағы қалалық диагностикалық орталықты кеңейту және реконструкциялау жобасы жүзеге асырылуда. Бұл нысандағы жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Денсаулық сақтау саласындағы қалған төрт жоба 2027 жылға өтпелі нысандар ретінде жалғасын табады.

Жалпы, Шымкенттегі әлеуметтік нысандар құрылысы қаланың өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне сай жүргізілуде. Жаңа мектептер мен қосымша ғимараттардың салынуы білім беру орындарына түсетін жүктемені азайтуға бағытталса, денсаулық сақтау нысандары тұрғындарға медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ал әлеуметтік қызмет көрсету және төтенше жағдайлар саласындағы жаңа нысандар азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жоспарланған жобалардың кезең-кезеңімен іске асуы Шымкентте әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарының жалғасып жатқанын көрсетеді.

Previous Post

Шымкентте тұрғын үй құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі