13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды

21 сентября, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясындағы бренд-комитеттің отырысы өтті. Палата директоры Сабира Адамбекова төрағалығымен өткен жиынға «Даму» АҚ мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» өкілдері, қалалық креативті индустрия және іскер әйелдер қауымдастығының жетекшілері қатысты.

Бренд-комитеттің отырысында 20 кәсіпкер өз өнімдерін таныстырып, бақ сынады. Бұған дейін Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Бір ауыл – бір өнім» көрме- жәрмеңкесіне жалпы саны 60-қа жуық үміткер қатысқан болатын. Солардың арасынан комиссия мүшелерінің дауыс беруімен іріктелген 20 кәсіпкер ақтық сынға жетіп отыр.

«Қаламызда кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Өз ісін бастаған азаматтарға қандай да бір құқықтық, консультативтік көмек, құжаттарды рәсімдеу, сүйемелдеу қажет болса, Кәсіпкерлер палатасы тарапынан тиісті кеңес беріледі. Жалпы, «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушы үміткерлердің өнімдері бірқатар талапқа сай болуы тиіс. Нақты айтқанда өнім немесе тауар жергілікті шикізаттан жасалып, өндіріс барысында қарапайым құралдар мен механизмдер қолданылуы керек, өнім мүмкіндігінше жергілікті өңірдің ерекшелігін көрсетуі тиіс. Дегенмен, өнім шығаруда негізінен жергілікті шикізат қолданылып, қосымша ретінде басқа жақтан жеткізілген қажет материалдар қолданылуына болады», – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Бренд-комитет мүшелеріне таныстырылған өнімдердің арасында бал, сүт пен асқабақтан жасалған сусын, ет өнімдері, түрлі дәмдер, кондитерлік өнімдерден бастап жүгері, қытырлатып кептірілген жеміс, киімдер мен былғары бұйымдарға дейін жасайтын шеберлер болды.

Комитет мүшелері әр кәсіпкерге өнім өндірісі мен жұмысшылар саны, қазіргі таңдағы қажеттіліктері мен өз ерекшеліктері және басқа да талаптар бойынша қосымша сұрақтар қойып, ой-пікірін айтты. Үміткерлер алдағы жоспарларын бөлісті.

Бренд-комитет отырысының қорытындысы бойынша 10 кәсіпкер үздік деп танылды:

1. «Smirnov» жеке кәсіпкерлігі – кондитерлік өнімдер;
2. «Кәде» жеке кәсіпкерлігі – былғары бұйымдар;
3. «Парманова Меруерт Уралбековна» жеке кәсіпкерлігі – үйде әзірленетін паштет, қайнатпа;
4. «Eco сhips» жеке кәсіпкерлігі – қытырлақ жемістер;
5. Сәуле Сәкенова (жеке тұлға) – кептірілген жемістер, қақ;
6. «Игамбердиев» жеке кәсіпкерлігі – омарта, бал өндірісі;
7. «Koza» жеке кәсіпкерлігі – ұлттық үлгідегі әшекейлер;
8. Санжар Ерметов (жеке тұлға) – қой жүнінен тоқылған бұйымдар;
9. «Амиржановна» жеке кәсіпкерлігі – авторлық дизайындағы орамалдар;
10. «Amanat Eco Group» ЖШС – дизайнерлік сөмкелер.

Жеңімпаздарға тиісті сертификаттары табысталды.

Бұл кәсіпкерлерге Кәсіпкерлер палатасы тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп, өндірісті кеңейтуге, қажет болған жағдайда экспортқа шығу бойынша қолдау көрсетіледі. Бренд-комитет мүшелері барлық үміткерге кәсіптің ауқымын кеңейтіп, өнімдерінің нарықтық әлеуетін арттыру бойынша кеңес берді.

Previous Post

Қаржылық қауіпсіздік: жастар алаяқтардың арбауына түспеуі керек

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі