13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Жеке сот орындаушылар Наурыз мейрамына орай 150-түп ағаш отырғызды

20 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Жеке сот орындаушылар Наурыз мейрамына орай 150-түп ағаш отырғызды
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мейрамы қарсаңында Түркістан облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының ұйымдастыруымен ағаш отырғызу шарасы болып өтті. Шара аясында жеке сот орындаушылар киелі шахардың кіре берісіндегі саябаққа 150 түп арша, шырша және туя ағаштарын отырғызды. Қылқанды жапырақты бұл ағаштар Түркістан қаласының шырайын арттырып қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға септігін тигізетін болады. Түркістан облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының төрағасы Мақсат Сауран туған жерді абаттандыру – әр адамның қызметтік қана емес, азаматтық парызы екендігін айтады.

-Ата бабаларымыздың «Гүл ек, тал ек – туған жерді түлет» деген керемет даналығы бар. Осыны ескере отырып, біз Наурыз мейрамына орай облыс орталығы — Түркістан қаласына мерекелік тарту жасап отырмыз. Болашақта бұл жасыл желектер күн санап гүлденіп келе жатқан киелі шахармен бірге жайқалатындығына сенеміз. Наурыз мейрамы баршамызға құтты болсын! – деді Мақсат Зұлбұхарұлы.

Шара барысында саябақтан «Түркістан облысы жеке сот орындаушыларының алеясы» ашылып, арнайы тақта орнатылды.

Айта кетейік, Түркістан облысының қала аудандарында барлығы 150-ге тарта жеке сот орындаушылар қызмет етеді. Олар жұмыспен қатар түрлі спорттық, мәдени, қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытып келеді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзжеке сот орындаушыларМақсат СауранТүркістан облысы
Previous Post

Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиадаға 158 күн қалды

Next Post

Құрылысшыларға наурыз көже таратылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі