13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиадаға 158 күн қалды

19 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиадаға 158 күн қалды
Share on FacebookShare on Twitter

Коронавирус пандемиясына байланысты бір жылға шегерілген олимпия ойындары биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Ашылу салтанаты Токио ұлттық стадионында өтеді деп жоспарланып отыр. Жалпы бәсеке қаладағы 42 спорт нысанында өтеді.

Осы Олимпиада бағдарламасына 3х3 баскетбол, бейсбол/софтбол, каратэ-до, серфинг, құзға өрмелеу және скейтбординг сияқты жаңа спорт түрі енгізілген.

Алдын ала есеп бойынша әлемнің 205 елінен келген атлеттер 33 спорт түрі бойынша 339 медаль жиынтығын сарапқа салады деп жоспарланған.

Мемлекеттік тапсырысты орындау аясында олимпиада бағдарламасына кіретін спорт түрлерінен ұлттық құрама спортшыларын даярлауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті жүзеге асырады. Ал 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетіне осындай функция берілді.

Қазақстан құрамасы спортшыларының сапалы дайындығы мен сәтті өнер көрсетуі үшін Үкіметі тарапынан барлық қажетті жағдай жасалған.
Өткен жылы лицензия жеңіп алу жоспарын іске асыру үшін 431 оқу-жаттығу жиыны өтті. Құрама командаларымыз 104 халықаралық бәсекеге қатысып, 105 медальге ие болды (18 алтын, 35 күміс және 52 қола).

Біздің анықтама: (жеңіл атлетикадан 3 лицензия — Георгий Шейко, Ольга Рыпакова, Айман Ратова, велоспорттан (тас жол) 4 лицензия, жүзуден 2 лицензия — Дмитрий Баландин, ашық суда жүзу 1 лицензия — Виталий Худяков, садақ атудан 4 лицензия — Санжар Мұсаев, Денис Ганкин, Илфат Абдуллин, құзға өрмелеуден 1 лицензия — Ришат Хайбуллин, синхронды жүзуден 1 лицензия — Александра мен Екатерина Немич, грек-рим күресінен 2 лицензия — Мейрамбек Айнағұлов, Асхат Ділмұхамедов, әйелдер күресінен 2 лицензия — Валентина Исламова, Эльмира Сыздыкова, еркін күрестен 4 лицензия — Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Әлішер Ерғали, спорттық гимнастикадан 1 лицензия — Милад Карими, стенд атудан 1 лицензия — Сәрсенгүл Рысбекова, оқ атудан 1 лицензия — Юрий Юрков, қазіргі бессайыс бойынша 2 лицензия — Елена Потапенко, Павел Ильященко, каратэ WKF 1 лицензия — Дархан Асаділов, бокстан 9 лицензия – Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдәулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев, Надежда Рябец, велотректен 3 лицензия, су добынан 1 лицензия).

Алдағы уақытта Олимпиадаға дейін жолдама үлестіретін 11 құрлықтық (оның бірі күрес түрлерінен Алматы қаласында өтеді деп жоспарланған), 7 әлемдік іріктеу жарысы, 3 әлем кубогы мен 20 рейтингтік турнирге спортшыларымыз қатысады.

Жалпы еліміз Олимпиадаға 31 спорт түрінен кем дегенде 100 жолдама иеленуді жоспарлап отыр.

Қазіргі ұлттық командалар 18 спорт түрінен 43 лицензия (52 спортшы) жеңіп алды, оның ішінде 17-сі жеке және біреуі командалық спорт түрінен (су добы).

 

Previous Post

Туризм саласы тұрақты дамып келе жатқан елдер рейтингі жарияланды

Next Post

Түркістан: Жеке сот орындаушылар Наурыз мейрамына орай 150-түп ағаш отырғызды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі