13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бозарықтан тағы 40 отбасы баспаналы болды

25 августа, 2026
in Жаңалықтар
0
Бозарықтан тағы 40 отбасы баспаналы болды
110
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың қатысуымен Көрме орталығында пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтіп, 40 отбасы баспаналы болды.

Жаңа пәтерлер Бозарық шағын ауданындағы тұрғын үйлерден берілді. Азаматтарға 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер ұсынылды. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана жалға беру тәртібімен беріліп, кейін сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл жолы әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға басымдық берілді. Олардың арасында жалғызбасты аналар, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар және толық емес отбасылар бар. Пәтерлер толық әрленіп, қоныстануға дайын күйінде тапсырылды.

Жаңа баспана алғандардың бірі – Ақбота Түркебаева. Ол 2015 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған. Арада өткен жылдардың бәрінде өз үйіне қол жеткізуді күткен Ақбота бүгін пәтер кілтін қолына алды.

«Осы күнді көп күттім. Бүгін өз үйімнің кілтін қолыма алып отырмын. Бұл – мен үшін де, отбасым үшін де үлкен қуаныш. Жаңа баспанамызда бақытты күндеріміз көп болсын», – дейді Ақбота Түркебаева.

Шымкентте тұрғын үй құрылысы мен азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары биыл да жалғасып келеді. Қалада жыл соңына дейін 7 386 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 3 400-ден астамы пайдалануға берілді.

Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Көпжан Төлебаевтың айтуынша, қалған пәтерлер жыл соңына дейін кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.

Қалада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешуге, әсіресе әлеуметтік осал топтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға басымдық беріліп отыр. Бозарықтан берілген 40 пәтер де осы бағыттағы жұмыстардың бір бөлігі.

Бүгін пәтер кілтін алған 40 отбасы үшін бұл күн көптен күткен қуанышпен есте қалмақ. Жаңа қоныс иелерінің ендігі тілегі – өз баспаналарында берекелі ғұмыр кешу.

Previous Post

Шымкентте комплаенс қызметтерінің жұмысы жаңа талаптар негізінде жетілдірілуде

Next Post

ШЫМКЕНТТІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТЕТІН ЖАҢА КӘСІПКЕРЛІК АЛАҢ: ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ ҚАНДАЙ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі