13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУАЛДЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте сайлау науқаны аяқталғаннан кейін «Әділет» партиясының қалалық филиалы үгіт-насихат материалдарын жинауға кірісті. Жұмыс «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, қала көшелерін, қоғамдық орындар мен тұрғын үйлердің аумағын ретке келтіруге бағытталды.

25 августа, 2026
in Қоғам
0
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУАЛДЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Тазалық жұмыстарына «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов бастаған филиал қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері және арнайы мамандар қатысты. Жалпы 70-тен астам адам мен арнайы техника жұмылдырылды.

 

Жұмыс барысында қаладағы кәсіпкерлік нысандары мен көпқабатты үйлердің кіреберістеріне орналастырылған үгіт материалдары алынып, көшелердегі баннерлер жиналды. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес, қоғамдық кеңістіктерге деген ортақ жауапкершілікті қалыптастыру. Осыған байланысты партия белсенділері сайлау науқаны кезінде пайдаланған ақпараттық алаңдарды ретке келтіруде.

 

Айта кетейік, сайлауалды науқан барысында Шымкент қаласында халық көп шоғырланатын орындарға 110 мыңға жуық үгіт-насихат материалы орналастырылған. Сонымен қатар қала аумағындағы 170-тен астам LED экран мен билбордта партияның сайлауалды материалдары көрсетілді.

 

Партия филиалының мәліметінше, жинау жұмыстары бір күнмен шектелмейді. Қала аумағында қалған үгіт-насихат материалдары толық алынғанға дейін тиісті жұмыстар жалғаса береді.

Previous Post

Педагогтер жаңа оқу жылына жаңа міндеттермен қадам басады

Next Post

Бозарықтағы жаңа баспаналар: Тағы 40 отбасы  қуанышқа кенелді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі