13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Белсенді өмір – ұзақ ғұмырдың негізі

18 августа, 2026
in Жаңалықтар
0
Белсенді өмір – ұзақ ғұмырдың негізі
134
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте аға буын өкілдерінің денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Осы бағыттағы маңызды әлеуметтік жобалардың бірі – зейнеткерлердің денсаулығын сақтауға және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін «Белсенді ұзақ өмір орталығы».

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ-нің бүгінде төрт бөлімшесі жұмыс істейді. Мұнда күн сайын 800-ге жуық зейнеткер түрлі қызмет түрлерімен қамтылады. Орталықтың басты ерекшелігі – мұнда зейнеткерлердің уақытын тиімді өткізуімен қатар, олардың денсаулығын нығайтуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіледі.

Орталықта қызмет алушылар үшін спорттық жаттығулар, би, музыка, еңбек терапиясы, йога және тіл үйрену сабақтары ұйымдастырылған. Сонымен қатар зейнеткерлерге фито шайлар ұсынылады. Мұндай қызмет түрлері аға буын өкілдерінің дене белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың әлеуметтік ортаға араласуына, жаңа дағдыларды меңгеруіне және бос уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасайды.

Орталыққа келген әрбір зейнеткер ең алдымен дәрігерлік тексеруден өтеді. Мамандар олардың қан қысымы мен дене қызуын өлшеп, жалпы денсаулық жағдайын бақылауда ұстайды. Медициналық бақылаудан кейін қызмет алушы өзінің денсаулық жағдайы мен қажеттілігіне қарай тиісті бағыттағы сабақтар мен қызмет түрлеріне қатысады.

Жүйелі түрде жүргізілген бақылау нәтижесінде бірқатар созылмалы аурулар бойынша оң динамика байқалған. Мәселен, созылмалы бронхит бойынша қызмет алушылардың 57,8 пайызында денсаулық жағдайының жақсаруы тіркелген. Артериялық гипертониясы бар зейнеткерлердің 35 пайызының денсаулық жағдайында оң өзгеріс байқалса, артрит бойынша бұл көрсеткіш 35,7 пайызды құраған.

Ең елеулі көрсеткіштердің бірі – артық салмақ мәселесі бойынша байқалған оң динамика. Бүгінде бұл көрсеткіш 51 пайызға жеткен. Ал 2025 жылы ол 31 пайыз болған. Яғни бір жыл ішінде оң динамика көрсеткіші 20 пайыздық пунктке артқан.

Бұл нәтиже орталықта жүзеге асырылып жатқан дене шынықтыру, йога, бассейн және дұрыс тамақтану бағытындағы кешенді жұмыстардың тиімділігін көрсетеді. Белсенді қозғалыс пен салауатты өмір салтын ұстану егде жастағы азаматтардың денсаулығын сақтауға ғана емес, күнделікті өмірдегі белсенділігін арттыруға да ықпал етеді.

Мұндай орталықтардың жұмысы аға буын өкілдерінің қоғамдағы рөлін сақтауға да мүмкіндік береді. Себебі зейнеткерлік кезең адамның қоғамдық өмірден шет қалатын уақыты емес. Керісінше, денсаулығын күтіп, жаңа іспен айналысып, өз ортасымен араласуға мүмкіндік алған азаматтар белсенді өмір салтын жалғастыра алады.

Бүгінде «Белсенді ұзақ өмір орталығы» зейнеткерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыратын орыннан әлдеқайда ауқымды әлеуметтік қолдау алаңына айналып отыр. Мұнда денсаулықты нығайту, қозғалыс белсенділігін арттыру, жаңа білім мен дағдыларды меңгеру, адамдармен араласу секілді бағыттар бір арнаға тоғысқан.

Аға буынның денсаулығы мен белсенділігі – қоғамның әлеуметтік әл-ауқатының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан мұндай жобалардың дамуы зейнеткерлердің өмір сапасын арттырып қана қоймай, белсенді әрі салауатты қоғам қалыптастыруға да өз үлесін қосады.

Previous Post

САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН: ПАРТИЯЛАР ӨҢІРЛЕРДЕГІ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТІП, НАҚТЫ УӘДЕЛЕРГЕ КӨШТІ

Next Post

Мемлекеттік қызметтер үйде көрсетіледі: қазақстандықтар дербес менеджер сервисін таңдауда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі