13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Әділет» партиясы Шымкентте еңбек адамын қолдауға бағытталған бастамаларын таныстырды

7 августа, 2026
in Жаңалықтар
0
«Әділет» партиясы Шымкентте еңбек адамын қолдауға бағытталған бастамаларын таныстырды
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Шымкенттегі коммуналдық кәсіпорындардың еңбек ұжымымен және медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиында еңбек адамының мәртебесі, коммуналдық инфрақұрылым, тұрғын үй, «Таза Қазақстан» және денсаулық сақтау мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында партия төрағасы Айбек Дәдебай еңбек адамының ел дамуындағы рөліне тоқталып өтті.

«Қуатты экономика өз ісін адал әрі кәсіби атқаратын еңбек адамынан басталады. Сондықтан әрбір маманның еңбегі лайықты құрметке де, әділ бағалауға да ие болуы тиіс. Жаңартылған Конституция мен «Әділет» партиясының бағдарламасы осы қағидаттарға негізделген. Біз барлық мемлекеттік институттар ең алдымен азаматтардың мүддесіне қызмет етуі керек деп санаймыз. Ал партияның басты міндеті – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайту», — деді партия төрағасы.

Құрылтай депутаттығына кандидат Әмірбек Оспанбеков Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселесіне тоқталып, партияның ұстанымын түсіндірді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. «Әділет» партиясы 2030 жылға дейін 86 мың шақырым инженерлік желіні жаңғыртып, жаңадан салуды ұсынады. Бұл коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейін 40 пайызға дейін төмендетуге, коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыруға және апат санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді», — деді Әмірбек Оспанбеков.

Кездесуде тұрғын үйдің қолжетімділігі мен коммуналдық сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелері де көтерілді. Партия жалақыны арттыру, еңбек жағдайын жақсарту, тұрғын үй құрылысына мемлекеттік қолдауды және ипотекалық бағдарламалардың қолжетімділігін арттыруды ұсынып отыр. Кандидат Нұрлан Бекназаров бұл бастамалар партия бағдарламасында қарастырылғанын айтты.

«Партия коммуналдық сала қызметкерлерінің еңбегі лайықты бағалануына жүйелі түрде күш салады. Ол үшін жалақыны одан әрі арттыру, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар көзделген», — деді Нұрлан Бекназаров.

Еске сала кетейік, «Әділет» партиясы республикалық сайлауалды штабының Шымкенттегі жұмыс сапары аясында бірнеше еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Партия өкілдері ашық талқылаулар барысында айтылған барлық ұсыныс талданып, партияның алдағы заң шығару қызметінде пайдаланылатынын жеткізді.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Previous Post

Шымкенттің дәрігерлері «Әділет» партиясының медициналық қызметтерді цифрландыруға қатысты ұсыныстарын қолдады

Next Post

«Әділет» партиясы Шымкентте мәдениет пен ұлттық құндылықтарды дамытуға қатысты ұсыныстарын таныстырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі