13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖИ интернет, және деректер қауіпсіздігі: «Әділет» Шымкенттегі форумда цифрландыру жоспарын таныстырды

«Әділет» цифрлық бастамалар форумында барлық өңірдің өкілін біріктірді

7 августа, 2026
in Жаңалықтар
0
ЖИ интернет,  және деректер қауіпсіздігі: «Әділет» Шымкенттегі форумда цифрландыру жоспарын таныстырды
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Азаматтарға жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйрету, цифрлық экономикаға маман даярлау, ауылдағы интернет инфрақұрылымын дамыту және дербес деректерді қорғау деңгейін арттыру мәселелері Шымкентте өткен партияның бастауыш ұйымдарының республикалық форумында талқыланды.

Форумға Қазақстанның барлық өңірінен партияның бастауыш ұйымдарының 3500-ден астам өкілі қатысты. Шараны ұйымдастырған «Әділет» партиясы жиында сайлауалды бағдарламасының цифрлық бағыттағы бастамаларын таныстырды.

Форумды ашқан партия төрағасы Айбек Дәдебай бастауыш партия ұйымдарының халықпен тиімді кері байланыс орнатудағы рөлі ерекше екенін атап өтті.

«Бастауыш партия ұйымдары – партияның халыққа ең жақын буыны. Дәл осы деңгейде азаматтардың сұранысы тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің жолдары бірлесіп іздестіріледі. Партияға деген сенім деңгейі сіздердің күнделікті жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Бүгінде, сайлау науқаны кезінде, бастауыш партия ұйымдары партия мен сайлаушыларды байланыстыратын негізгі көпірге айналып отыр», – деді ол.

«Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Бағдат Мусин де заманауи технологиялар халықтың барлығына қолжетімді болуы керек еекенін атап өтті.

«Партияның сайлауалды бағдарламасында 5 миллион қазақстандықты жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларына үйрету, AI және deeptech салаларында 100 мың маман даярлау көзделген. Сонымен қатар, 2027 жылға қарай ауыл тұрғындарының кемінде 97 пайызы сапалы интернетпен қамтылады», – деді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар, партия бағдарламасында Ұлттық кәсіптерді трансформациялау орталығын құру көзделген. Бұл орталық азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге, жаңа құзыреттерді игеруге және еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделуге көмектеседі.

Цифрлық бағыттағы бастамалардың маңызды бөлігі – ақпараттық қауіпсіздік. Партия азаматтардың мемлекеттік және коммерциялық онлайн-сервистерді пайдалану кезінде жеке деректерінің қорғалуын күшейту үшін қауіпсіз цифрлық кеңістік қалыптастыруды ұсынады.

Форумға қатысушылар да өз ұсыныстарын ортаға салды. Мәселен, Қызылорда облысындағы «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жанарыс Түбекбаев өңірлерде цифрлық құралдар шеберханаларын ашып, студенттер мен жас IT-мамандардан құралған цифрлық еріктілер топтарын құруды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай топтар елдімекендердегі нақты мәселелерге арналған технологиялық шешімдерді әзірлеуге атсалысар еді.

Ал «Жетітөбе» бастауыш партия ұйымының төрағасы Самал Байкеева партия ұсынған бастамалардың орындалу барысын тұрғындар онлайн бақылай алатын жүйе құруды ұсынды.

Партия өкілдерінің айтуынша, форумның Шымкентте өтуі қаланың ел үшін стратегиялық маңызынан туындап отыр. Бүгінде мұнда 1,3 миллионнан астам адам тұрады, ал қала экономикасы тұрақты даму қарқынын көрсетіп келеді.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

 

Previous Post

«Әділет» партиясы шырайлы Шымкентке келіп жетті

Next Post

Шымкентте «Әділет» партиясы мәдениет саласын дамытуға қатысты бастамаларын таныстырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі