13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған танымдық кездесу өтті

8 июля, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкентте экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған танымдық кездесу өтті
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қаласында тұрғындардың экологиялық сауатын арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Абай саябағында «Таза Шымкент» – қалдықсыз қала тақырыбында жастармен танымдық кездесу ұйымдастырылды. Табиғат аясында өткен іс-шараға ерікті жастар, студенттер, қоғамдық белсенді азаматтар қатысып, экологиялық мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіру және қаланың тазалығын сақтауға азаматтардың белсенді қатысуын арттыру. Іс-шара барысында табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және тұрмыстық қалдықтарды азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиында Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Дүйсен Құлтілеуов мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ол қаладағы экологиялық ахуалды жақсарту, ауаның сапасын бақылау, заңсыз қоқыс орындарын анықтау және қоршаған ортаға кері әсер ететін факторларды азайту бағытындағы шараларға тоқталды.

Маманның айтуынша, бүгінде қаладағы ірі кәсіпорындарда қоршаған орта жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған мониторинг жүйелері енгізілген. Бұл жүйелер арқылы кәсіпорындардың экологиялық талаптарды сақтау деңгейі онлайн режимде бақыланады. Сонымен қатар заң талаптарын орындамаған бірқатар кәсіпорындарға қатысты тиісті шаралар қабылданып, олардың қызметі бақылауға алынған.

Дүйсен Құлтілеуов жастарды туған қаланы таза ұстауға, табиғатты қорғауға және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақырды. Оның айтуынша, қоршаған ортаны сақтау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті болуы керек. Экологиялық мәдениет отбасыдан, білім беру орындарынан және қоғамдағы күнделікті әрекеттерден қалыптасатыны атап өтілді.

Кездесу барысында ASAA жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранова да сөз сөйлеп, табиғатты қорғаудың және қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың маңыздылығын түсіндірді. Оның айтуынша, ерікті жастар қоршаған ортаны қорғау бағытында түрлі жобаларға қатысып, қоғамға пайдалы бастамаларды жүзеге асырып келеді.

Қоғамдық бірлестік құрамында экологиялық бағыттағы жұмыстарға белсенді араласатын 200-ге жуық іріктеуден өткен ерікті жас бар. Олар тазалық акцияларына қатысып, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу мәдениетін насихаттау және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырып келеді.

Танымдық кездесу барысында эко-тренер, экологиялық білім беру саласының сарапшысы Владислав Голярко жастарға арнайы сабақ өткізіп, қалдықтарды басқару, табиғи ресурстарды сақтау және күнделікті өмірде экологиялық әдеттерді қалыптастыру бойынша пайдалы ақпараттар ұсынды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Іс-шара соңында ерікті жастар Абай саябағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Бұл бастама жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қала тұрғындарына үлгі боларлық қоғамдық белсенділіктің көрінісі болды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Мектептер мен жоғары оқу орындарында экологиялық семинарлар, тренингтер, ашық сабақтар және танымдық экскурсиялар өткізіліп, жастар арасында табиғатты қорғау құндылықтарын насихаттау жалғасуда.

Осындай шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қаланың тазалығын сақтауға ортақ жауапкершілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Экологиялық санасы жоғары қоғам құру – Шымкенттің тұрақты дамуының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Previous Post

Шымкентте фармацевтикалық бақылау және дәрілік заттарды таңбалау жүйесін дамыту жұмыстары жалғасуда

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІН САЛУ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі