13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Қала әкімі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы жұмыстардың барысын тексерді

8 июля, 2026
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Қала әкімі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы жұмыстардың барысын тексерді
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмыс барысымен танысып, жүзеге асырылып жатқан жобалардың сапасы мен орындалу мерзімін тексерді. Қала басшысының сапары тұрғын үй құрылысы, білім беру нысандарын жаңғырту, төтенше жағдайлар қызметінің материалдық базасын дамыту және тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жобаларды қамтыды.

Аралау барысында қала әкімі Қайтпас-1 шағынауданында 30 жаңа жалдамалы пәтердің кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Инженерлік-коммуналдық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген тұрғын үйлер тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтарға берілді. Қала әкімі жаңа қоныс иелерін қуанышты сәтімен құттықтап, әрбір отбасыға амандық, бақ-береке және жаңа шаңырақтарында шаттық тіледі.

Жаңа тұрғын үйлер заманауи құрылыс талаптарына сай салынып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қажетті жағдайлар қарастырылған. Баспанаға ие болған азаматтар үшін бұл үлкен қолдау болып, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қала әкімдігі тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Сонымен қатар қала әкімі Абай және Еңбекші аудандарындағы №106 және №96 жалпы білім беретін мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Аталған білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстары оқушылар мен ұстаздар үшін қауіпсіз, заманауи және қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Жөндеу жұмыстары барысында ғимараттардың ішкі және сыртқы бөліктерін жаңарту, инженерлік жүйелерді ретке келтіру, оқу кабинеттерін заманауи талаптарға сәйкестендіру және мектеп аумақтарын абаттандыру шаралары жүзеге асырылуда. Қала әкімі жауапты басқармаларға құрылыс сапасын тұрақты бақылауда ұстап, барлық жұмыстарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ Ғабит Сыздықбеков Жаңаталап шағынауданында салынып жатқан төтенше жағдайлар қызметтеріне арналған әмбебап кешеннің құрылысымен танысты. Аталған нысан төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету жүйесін жетілдіруге, құтқару қызметтерінің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жаңа кешен пайдалануға берілгеннен кейін арнайы қызметтердің материалдық-техникалық мүмкіндігі кеңейіп, тұрғындарға көрсетілетін жедел көмектің сапасы артады. Қала әкімі құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, нысанды барлық талаптарға сай пайдалануға беруді қамтамасыз ету жөнінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Бұдан бөлек қала басшысы Әл-Фараби ауданы Ерманов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлер ауласында жүзеге асырылып жатқан «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясындағы кешенді спорт және балалар ойын алаңының құрылысын тексерді. Жоба тұрғындардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырылып, аула кеңістігін тиімді пайдалануға, балалар мен жастардың белсенді демалысына жағдай жасауға бағытталған.

Жаңа спорт және ойын алаңы тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, бұқаралық спортты дамытуға және аула мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қала әкімі мердігер ұйымға құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, нысанды сапалы әрі белгіленген талаптарға сәйкес аяқтауды тапсырды.

Шымкент қаласында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары тұрақты жалғасуда. Қала әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік нысандарды жаңарту және заманауи қалалық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Next Post

Шымкентте медициналық және фармацевтикалық қызметтерге мемлекеттік бақылау жүйелі жүргізілуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі