13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік көпбалалы ана мемлекеттік грант арқылы кәсібін дамытып, наубайхана ашты

30 июня, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік көпбалалы ана мемлекеттік грант арқылы кәсібін дамытып, наубайхана ашты
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Күмісай Кайыпова мемлекеттік қолдаудың тиімді мүмкіндігін пайдаланып, өз кәсібін дамытып, отбасылық наубайханасын жаңа деңгейге көтерді. Кәсіпкер 2025 жылы қайтарымсыз мемлекеттік грантқа өтінім беріп, комиссия алдында өзінің бизнес-жобасын сәтті қорғап шыққан. Нәтижесінде оған 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант қаражаты бөлініп, бұл қаржы кәсібін кеңейтуге және қажетті құрал-жабдықтар алуға бағытталды.

Күмісай Серікқызы бұған дейін үй жағдайында тұрмыстық пештің көмегімен нан пісіріп, дайын өнімдерін көршілеріне және жақын маңдағы дүкендерге ұсынып келген. Кәсіпкердің еңбексүйгіштігі мен табандылығының арқасында шағын іс біртіндеп тұрақты табыс көзіне айнала бастады. Алайда өндіріс көлемін арттыру үшін заманауи құрал-жабдықтардың қажеттілігі туындаған. Осы мақсатта ол мемлекеттік грантқа қатысып, өз жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Бөлінген грант қаражатына кәсіпкер нан пісіретін өндірістік пеш, қамыр илейтін арнайы құрылғы, жұмыс үстелдері және басқа да қажетті жабдықтарды сатып алды. Заманауи техникалардың арқасында наубайханадағы өндіріс көлемі бірнеше есеге артты. Бұрын күніне 30-40 таба нан дайындаса, бүгінде тәулігіне 80-150 нанға дейін пісіріп, тұтынушылар сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр.

Кәсіптің дамуы тек отбасының әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, жаңа жұмыс орнын ашуға да мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Күмісайдың отбасылық наубайханасында бір азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнім сапасына мән беретін кәсіпкер жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болып, тұрақты тұтынушылар қатарын қалыптастырған.

Күмісай Кайыпованың кәсібі – мемлекеттік гранттардың нақты нәтижеге бағытталғанын көрсететін жарқын мысалдардың бірі. Қайтарымсыз қаржылай қолдаудың арқасында азаматтар өз идеяларын жүзеге асырып, шағын бизнесті дамытып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік алып отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік грант беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. 2025 жылы арнайы комиссия шешімімен 431 азаматқа 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант берілген. Ал 2026 жылы бұл қолдау түрімен 400 үміткерді қамту жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда грант алуға өтінімдер 2026 жылдың 24 маусымы мен 8 шілдесі аралығында business.enbek.kz порталы арқылы қабылдануда. Мемлекеттік қолдауға көпбалалы отбасылардың мүшелері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар және мүгедектігі бар азаматтар үміткер бола алады.

Мұндай жобалар азаматтардың кәсіп бастауына жол ашып қана қоймай, олардың экономикалық белсенділігін арттыруға, отбасылық табысын көбейтуге және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау мен тұрғындардың жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Previous Post

«Құқық кабинеті» – әрбір азаматқа қолжетімді тегін құқықтық көмек алаңы

Next Post

Шымкентте құжат пен мемлекеттік нөмірді үйге жеткізу қызметі іске қосылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі