Қазіргі таңда азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету – маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсаттаШымкент қаласында «Құқық кабинеті» жобасы жүзегеасырылып келеді. Бұл бастама – тұрғындарға тегінзаңгерлік көмек көрсетіп, құқықтық ақпараттықолжетімді форматта ұсынуға бағытталған тиімді құрал.
«Құқық кабинеті» – кез келген азаматтың құқықтық сұрақтарына жауап алып, қажетті кеңес алуына мүмкіндік беретін ашық алаң. Мұнда келушілер тек заңгерлік кеңес алып қана қоймай, заманауи цифрлыққызметтерді де пайдалана алады. Атап айтқанда, кабинетте «Әділет» және «Заң» құқықтықдерекқорларына қолжетімділік қамтамасыз етілген. Бұлжүйелер арқылы азаматтар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы нақты ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, «Құқық кабинетінде» eGov, e-Otinish, «Ашық НҚА» сияқты мемлекеттік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Бұлазаматтарға мемлекеттік органдарға онлайн өтінішжолдауға, түрлі қызметтерді электронды түрде алуғажағдай жасайды. Әсіресе, уақыт үнемдеу мен рәсімдердіжеңілдету тұрғысынан мұндай қызметтердің маңызы зор.
Аталған кабинетте көрсетілетін қызметтердің басты артықшылығы – олардың тегін әрі баршаға қолжетімді болуы. Кез келген тұрғын арнайы дайындықсыз-ақ келіп, қажетті құқықтық ақпаратты түсінікті әрі ыңғайлыформатта ала алады. Бұл әсіресе құқықтық білім деңгейіәртүрлі азаматтар үшін маңызды.
Бүгінде Шымкент қаласының бірнеше ауданында«Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. Атап айтқанда,
Абай ауданы әкімінің аппаратында (Бәйдібек би даңғылы, №60),
Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратында (Тыныбаев көшесі, №49), Еңбекші ауданы әкімінің аппаратында (Толстой көшесі, №119),
Қаратау ауданы әкімінің аппаратында (Нұрсат тұрғын алабы, №119),
Тұран ауданы әкімінің аппаратында (Тәуке хан даңғылы, №6) орналасқан.
Бұл кеңсе желісі қала тұрғындарының әрқайсысына жақын орналасып, құқықтық қызметтерді қолжетімді етеді.
Қаратау ауданы әкімдігінің аппаратындағы «Құқық кабинеті» де белсенді жұмыс істеуде. Мұнда азаматтарқұқықтық кеңес алып қана қоймай, электронды жүйелерарқылы түрлі өтініштерін жолдап, қажетті құжаттарментаныса алады. Бұл өз кезегінде халық пен мемлекеттікоргандар арасындағы байланысты нығайтып, ашықтықпен тиімділікті арттырады.
Жалпы алғанда, «Құқық кабинеті» – азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге, мемлекеттік қызметтерді оңай әрі жылдам алуға мүмкіндік беретін маңызды жоба. Осындай бастамалар арқылы қоғамда заңға деген құрметартып, әрбір азамат өз құқығын қорғауға қабілетті бола түседі.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің
құқықтық түсіндіру жұмысы және
заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің
бас маманы Самал Бахтыяр




