13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Конго-Қырым қызбасынан сақтанудың жолдары

16 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Конго-Қырым қызбасынан сақтанудың жолдары
Share on FacebookShare on Twitter

Конго-Қырым  геморрагиялық қызбасы  — бұл аса қауіпті жұқпалы ауру.

КҚГК ауруының қоздырғыш вирусы  сыртқы  орта  әсерлеріне  өте төзімді болып келеді. Бұл ауруға табиғи ошақтық қасиет тән, яғни біздің облыс аумағы, оның ішінде шөл және шөлейт аймақтарда кене ағзаларында КҚГҚ қоздырғыштары тіркелу қауіпі жоғары.

Ауру негізінен ауылдық елді мекендерде, әсіресе мал шаруашылығы жақсы дамыған жерлерде, әдетте малшылар, сауыншылар, диқандар, қырқымшылар арасында жиі кездеседі.

КҚГҚ ауруымен негізінен 20-50 жас аралығындағы адамдар ауырады. Аурудың жасырын кезеңі орташа 2-7 күн, сирек жағдайларда 14 күнге дейін созылады. Аурудың бастапқы кезеңінде дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріледі, бас ауырады, әлсіздену, бұлшық ет пен сүйектің ауырсынуы, тәбеттің нашарлауы, ұйқының бұзылуы, құсу, іш өту белгілері байқалады.

Науқастың терісінде бөртпелер пайда болады, денесінде ине енгізу орындарында қанталау, мұрын қуысынан қан кету белгілері пайда болуы мүмкін.

Аурудың өршу кезеңінде  бет, мойын терілерінің және көздің кілегей қабығының қызаруы пайда болады. Аурудың бұл кезеңінде ауруларда  асқазаннан, ішектен, жатырдан  қан кетіп, ауру кезеңі өліммен аяқталуы мүмкін. Сондықтан КҚГҚ-нан сақтану және алдын алу шараларын әрбір адамның білгені абзал.

Аурудың алдын-алу шаралары:

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы негізінен кене шағуы немесе жаншылған кенемен тікелей байланыс арқылы беріледі. Аурудың басқа жұғу жолдарына келетін болсақ, КҚГҚ ауруымен ауырған науқастың қаны немесе тіні арқылы жұққанда ауру кезеңдері өте ауыр өтеді. Ауыл шарушылығы малдарымен қатынас кезінде (мал күтімімен айналысу, сауу, қырқу, мал сою т.б.) аса сақтық шараларын орындау қажет. Жұмыс барысында бірнеше рет өзін-өзі және бірін-бірі кенеге тексерудің де аурудың алдын-алуда маңызы зор.

Аурудың алдын-алу мақсатында қой төлдеу науқанында, қырқым кезінде, табиғатқа серуендеуге, су жағалауына, демалыс орындарына барғанда шалбардың балағын, көйлектің жағасын,  жеңін толық  қымтап, кененің денеге өтіп шағуына жол бермеу қажет. Егер  де  денеңізге кене жабысқанын байқасаңыз, оны қолмен жұлып тастауға, езуге болмайды. Саусақтарыңызды резеңке қолғаппен немесе шүберекпен қорғау қажет. Кенеге май немесе басқа да сұйықтық  тамызбай,  қарапайым ұшы сүйір пинцетпен оны теріге мейлінше жақындата отырып, жұлқымай, теңселтпей жоғары қарай кенені іліп алу қажет. Пинцетті қатты қыспай (кенені мыжып тастамау үшін) шайқалтпай ақырын және жұлқымай тарту керек, өйткені олай тартпаса кененің ауыз бөлігі теріде қалып қоюы мүмкін. Егер қалып кетсе ауыз бөлігін пинцетпен іліп, тартып шығару керек. Кене жабысқан жерді спирт, йодпен өңдеп, алынған кенені тығыз қақпақты ыдысқа салып емдеу мекемесіне тапсыру қажет.

Кене шаққан жағдайда және аурудың алғашқы белгілері пайда    болған жағдайларда тез арада дәрігерлік көмекке жүгініңіз!!!

Түркістан облысы СЭБД аса

қауіпті инфекцияларды және

туберкулезді эпидемиологиялық

қадағалау бөлімінің басшысы                                          Т.Жаңабайұлы

Previous Post

Бруцеллезден қалай сақтануға болады?

Next Post

"Отбасы банк" пен "Jas Otan" өкілдері базарда кеңес берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі