13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бруцеллезден қалай сақтануға болады?

16 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Бруцеллезден қалай сақтануға болады?
Share on FacebookShare on Twitter

Бруцеллез – малдан  адамға жұғатын жұқпалы ауру, көп жағдайда созылмалы түрде кездесіп, бірнеше уақыттан соң аурудың қайта қозу немесе қайталану жағдайлары жиі кездеседі.

Бруцеллез ауруының негізгі клиникалық көрінісі: дене қызуының ұзақ уақыт бойы көтерілуі, буын-сүйек сырқырауы, жүйке, жүрек-тамыр, зәр шығару, жыныс ағзалары және т.б. жүйелердің қызметтері аллергиялық әрекеттің әсерінен бұзылады.

Бруцеллез ауруының қоздырғышы бруцелла микробы болып табылады, ауру қоздырғышы жарақатталмаған тері арқылы да адам ағзасына енуге бейім, аса жоғарғы жұқтырғыш қасиетімен ерекшелінеді.

Бруцеллез ауруының негізгі жұқтырушы көзі: қой, ешкі, ірі қара мал болып табылады. Бруцеллез ауруы майда малдар арасында жиі кездеседі. Жануарлар ауруды жем, су, көң,  тезек арқылы жұқтырады, ал адамдар болса ауру малды күтіп-қарауда, әсіресе төлдеу кезінде, мал сою және бөлшектеу кезінде, мал өнімдері және шикі затымен айналысқанда, тағамға ауру малдың сүтін, сүт өнімдерін және етін қолданғанда және ауру мал жүндерін өңдегенде, тезек жасаған кезде жұғуы мүмкін.

Сондықтан аурудың алдын алудың ең бір маңыздысы жеке бас гигиенасын сақтау болып табылады. Малмен және оның өнімдерімен жұмыс істегенде арнайы киіммен, қолғаппен жұмыс істеген абзал. Қол жарақаттары болса жақсылап танып қою керек. Жұмыс істеп болғаннан кейін қолды жуу, киімді ауыстыру сияқты іс-әрекеттер аурудың алдын алады. Етті, сүтті шикідей жеу өте қауіпті, оларды тек қайнатып, пісірген соң тұтыну қажет екенін есте ұстаңыздар.

Үйдегі малдарды ветеринар мамандарға тексертіп отыру, ауру мал анықталса, сау малдардан оқшаулап, жою қажет. Мал орындарын залалсыздандырып, тазалау керек. Ет, сүт өнімдерін тексеруден өткен, анықтамасы бар арнайы дүкендерден сатып алғандарыңыз абзал.

Жоғарыда аталған белгілер пайда болса, тез арада дәрігерге көрініп, ем алғаныңыз жөн.

Ең бастысы қандай да ауру болмасын оны алдын алған дұрыс!

Түркістан облысы СЭБД аса

қауіпті инфекцияларды және

туберкулезді эпидемиологиялық

қадағалау бөлімінің бас маманы                                          Г.Айтымбет

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

100 мыңнан астам адам Сауран ауданының тұрғыны атанды

Next Post

Конго-Қырым қызбасынан сақтанудың жолдары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі