13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ

25 июня, 2026
in Uncategorized
0
ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ  НЕГІЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУДЕ
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери қызметшілердің қауіпсіздігін арттыруға, әскери тәртіпті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіруге бағытталған заманауи цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.

Осы бағыттағы перспективалы жобалардың бірі – жасанды интеллект элементтері бар интеллектуалды бейнеаналитика жүйелерін қолдану. Жаңа технологиялар әскери бөлімдердегі ахуалды тәулік бойы бақылауға, ықтимал қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтауға, белгіленген тәртіптің бұзылуын тіркеуге және тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

Әскерде әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Әскери бөлімдерге келген мерзімді әскери қызметшілері жас жауынгер курсынан және әскери қызмет жағдайларына бейімделу бағдарламасынан өтеді. Жеке құрамның психологиялық жай-күйін анықтауға арналған диагностикалық тексерулерді әскери психологтар тұрақты түрде жүргізіп отырады. Сондай-ақ әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайына тұрақты мониторинг жасалады.

Әскери бөлімдерде бейнебақылау жүйелері мен әскери полиция пункттері жұмыс істеп, күн сайын профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Мерзімді қызмет сарбаздарына телефон байланысы және «Отбасымен бейнеқоңырау» сервисі арқылы туыстарымен тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік берілген.

Әскердегі құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Қатарлас», «Пирамида» және «Жауынгерлік дос» цифрлық бақылау және мониторинг жүйелері, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен жеке құрамның қаза болуын болдырмауға бағытталған алгоритмдер кешені қолданылады.

Құқықтық тәртіпті сақтауда командирлер мен сержанттық құрамның рөлі ерекше. Олар әскери ұжымдарды басқару, тәртіпті нығайту және жанжалды жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша арнайы даярлықтан өтеді.

Әскери қызметшілердің құқықтарының сақталуын бақылау ата-аналар комитеттерімен және Сарбаз аналары комитетімен өзара іс-қимыл аясында жүзеге асырылады. Ақпарат алмасуды жеделдету мақсатында әскери бөлім командирлерінің қатысуымен ата-аналар чаттары құрылған.

Бұдан бөлек, «Цифрлық алдын-алу» ведомствоаралық бағдарламасы аясында Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің QR-код арқылы өтініш беру жүйесін енгізді. Жаңа сервис әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз етіп, «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға ықпал етеді.

Азаматтар мен әскери қызметшілердің өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында Қарулы күштердің Бас әскери полиция басқармасында +7 (7172) 72-11-66 нөмірі бойынша бірыңғай «Жедел желі» Call-орталығы жұмыс істейді.

Цифрлық шешімдер мен заманауи технологияларды кезең-кезеңімен енгізу әскери қызмет өткерудің қауіпсіз ортасын қалыптастыруға, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға және Қазақстан Қарулы күштерінің одан әрі дамуына оң ықпал етеді.

Previous Post

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАҚ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Next Post

Шымкентте бәсекелестік ортаны дамыту бағытындағы жұмыстар күшейтілуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі