13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Инвестиция – экономика негізі: Шымкентте инвест-жобаларды сүйемелдеу форумы өтті

25 июня, 2026
in Жаңалықтар
0
Инвестиция – экономика негізі: Шымкентте инвест-жобаларды сүйемелдеу форумы өтті
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Мегаполисте инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері жөніндегі форум өтті. Ауқымды іс-шараға Мегаполистің инвестициялық жобаларын сүйемелдеу мәселелеріне арналған форумға ҚР Бас прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы, Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Шымкент қаласы прокурорының міндетін атқарушы Жомарт Нұрғали, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұратбек Маханов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, құқық қорғау және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Форумда Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында инвесторлардың құқығын сақтау, салааралық үйлестіру, дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері басты назарда екені айтылды.

«Прокуратура органдары Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және Тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, инвесторлардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Басты мақсат – инвесторларға қатысты бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу. Бұл прокуратура органдары тарапынан көрсетіліп отырған ерекше назардың және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелерінің жоғары деңгейде бақылауда екенінің айқын дәлелі. Форумның да мақсаты осы – инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің қолданыстағы тетіктерін талқылау, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты жеткізу және, ең бастысы, инвесторлардың нақты ұсыныстары мен проблемалық мәселелерін тыңдау», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде болып, жергілікті инвесторлармен кездесті. Сапар аясында прокуратура мен атқарушы органдар тарапынан инвестициялық жобаларды сүйемелдеу барысымен танысқан Бас прокуратура өкілі Мемлекет басшысының тапсырмасын басшылыққа ала отырып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге айрықша мән беріліп жатқанына тоқталды.

«Өздеріңіз білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентті әлеуеті зор қала деп атады. Бүгінде мегаполис инвестиция, өндіріс пен кәсіпкрелік тоғысқан экономика орталығына айналып отыр. Қаланың орналасқан жері логистикаға ыңғайлы, инвестициялық мол мүмкіндікке ие. Осы тұрғыда инвесторларға қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың құқығын қорғау және мемлекетке сенімін арттыру бағытындағы жұмыстар да маңызды. Бүкіл әлем мемлекеттері арасында инвесторлар үшін бәсеке жоғары. Ал инвесторлар капитал салатын нарықты таңдағанда заңның үстемдігін, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылыққа назар аударады. Осыған байланысты Бас прокуратураның жанынан Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылып, Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен мәртебесі берілді. Бұл шешім кезекті өзгеріс қана емес, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара байланыстың жаңа моделін қалыптастыру бағытындағы страгетиялық қадам болып отыр. Егер Комитет құрылғанға дейін 1900 инвест-жоба болса, Комитет құрылған соң инвестициялық жобаның саны 3200-ге дейін жетті. 400-ден астам инвестордың құқығы қорғалды, 12 трлн теңгесі елде сақталып қалды», – деді Бауыржан Ералы.

Форумға қатысушылар назарына Шымкент қаласындағы маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың құқығын қорғау шаралары туралы бейнеролик ұсынылды.

Модератор, осы тұста, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту жөніндегі ұлттық жобаларды өңірде іске асыруда жергілікті атқарушы органдар өңірлік үйлестіруші ретінде ерекше рөл атқаратынына тоқталды. Бұл бағытта Шымкент қаласының әкімдігі мегаполистің стратегиялық дамуын, инвестициялық ахуалды жақсартуды және инфрақұрылымдық жобаларды жүйелі іске асырып келеді.

«Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселесі өзекті саналады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шымкентте инвестиция тарту бағытында қомақты жұмыс атқарылуда. Мұндай кездесулер мемлекет пен бизнес арасындағы ашық пікір алмасуды қамтамасыз етіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында кездесетін барлық мәселені ашық талқылауға, шешу жолдарын табуға оң әсер етеді. Бұл мақсатта көп мәселе өңірлік инвест-штабтың апта сайынғы отырыстарында талқыланады. Осы бағытта прокурорлық сүзгі, «жасыл дәліз» сияқты құралдар оң нәтижесін көрсетуде. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда негізгі инвестиция көлемі 7,5 пайызға артты. Біз кәсіпкерлермен, инвесторлармен қоян-қолтық жұмыс істеуге әрдайым дайынбыз», – деді қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов.

Форумда Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен қоса Шымкент қаласының прокуратурасы да өңірдегі маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалайтыны және кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілерінің алдын алуда екенін айтылды. Ал бұл инвесторлардың құқығын қорғаудың тиімді тетігі болып отыр.

Ал «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұратбек Маханов инвесторға ең алдымен тұрақтылық, әділдік және өз құқығының қорғалатынына деген сенім қажет екенін айтты.

«Мұндай кездесудің маңызы ерекше. Себебі инвестиция дегеніміз – тек қаржы емес, жаңа өндіріс, жаңа жұмыс орындары, өңірдің дамуы және халықтың әл-ауқаты. Соңғы бір жарым айдың ішінде Ұлттық палата басшылығы еліміздің барлық 20 өңірін аралап шығып, 2,5 мыңға жуық кәсіпкермен кездесті. 77 өндіріс орнын аралап, бизнестің 350-ге жуық проблемалық мәселесін жинадық. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП 44,2 млрд теңгеге бизнестің құқығын қорғады, салық даулары бойынша кәсіпкерлердің пайдасына 161 млрд теңге шешілді. Бұл жай ғана статистика емес, бұл – сақталған кәсіпорындар, жүзеге асқан инвестициялар және мыңдаған жұмыс орны. Біздің ұстанымымыз айқын. Азаматтық-құқықтық даулар қылмыстық қудалауға ұласпауы тиіс. Кәсіпкер де, инвестор да заң алдында қорғалғанын сезінуі керек», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұратбек Маханов.

Жиын барысында бірқатар кәсіпкер өздерінің сұрақтарын қойып, мемлекеттік органдардың жауабын алды.

Форум қорытындысы бойынша инвесторлардың құқығын қорғауда барлық тараптың қызметтерін үйлестіру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі, прокурора және Кәсіпкерлер палатасының арасында үш жақты меморандумға қол қойылды.

Previous Post

ЕКЛАМЕ КАЛЬЯНА — НЕТ

Next Post

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАҚ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІНДЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі