13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала күні: Шымкент өндіріс пен инвестицияның драйверіне айналды

19 июня, 2026
in Жаңалықтар
0
Қала күні: Шымкент өндіріс пен инвестицияның драйверіне айналды
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент – еліміздің ең ірі өндірістік және индустриялық орталықтарының бірі, 1 миллион 300 мыңнан аса халқы бар қарқынды дамып келе жатқан республикалық маңызы бар мегаполис. Қалада тамақ, мұнай өңдеу, химия, тоқыма және фармацевтика салаларында 800-ге жуық ірі және орта кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді. 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 5,7 триллион теңгеге жетті. Соңғы жеті жылда алғаш рет экономикалық өсім 11 пайызды құрап, Шымкент өңірлер арасында екінші орынға көтерілді. Ал соңғы үш жылда қала экономикасына 2,3 триллион теңге инвестиция тартылды. Оның 75 пайызы – жеке инвестиция. Шымкент өнеркәсіп саласында да көшбасшылар қатарында. Мұнда еліміздегі мақта майының 97 пайызы, мақта-мата өнімдерінің 63 пайызы, дәрі-дәрмектің 41 пайызы, мотор отынының 38 пайызы және шыны ыдыстың 36 пайызы өндіріледі. 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 859,5 миллиард теңгеге, ал өнеркәсіп өндірісі 1,5 триллион теңгеге жетті. Қала шетелдік инвесторлар үшін де тартымды орталыққа айналып, халықаралық компаниялардың қатысуымен жаңа өндірістер ашылып жатыр. Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында жалпы құны 170 миллиард теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба іске асырылып, 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Солардың бірі алкогольсіз сусын өндіретін «Кока-Кола» компаниясы. Трансұлттық компанияның инвестиция тартуы қала үшін маңызды жетістік. Жобаның құны 27 миллиард теңге, нәтижесінде 100-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Сыртқы сауда айналымы 2,6 миллиард АҚШ долларына жетті. Оның ішінде экспорт көлемі – 616 миллион доллар. Шымкентте жалпы аумағы 1 394 гектарды құрайтын 8 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Мұнда құны 453 миллиард теңгелік 344 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Орташа жалақы 342 мың теңгеге дейін өссе, экономикалық белсенді халық саны 490 мың адамға жетті. Қалада 140 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Онда 260 мыңға жуық адам еңбек етеді. Соңғы үш жылда бюджет 613 миллиард теңгеден 868 миллиард теңгеге дейін өсіп, 1,4 есеге артты. Экономикалық өсім қаланың келбетін де өзгертті. Мың шақырымнан астам көше жаңартылып, қала толықтай көше жарығымен қамтылды. Тек 2025 жылдың өзінде 45 жаңа гүлзар салынып, қоғамдық кеңістіктің жалпы саны 90-ға жетті. Бүгінгі Шымкент – өндіріс, инвестиция және үлкен мүмкіндіктер тоғысқан мегаполис, тынымсыз тіршілігімен ерекшеленетін еңбекқор халықтың қаласы. Тарихы терең шаһар күн сайын қарқынды дамып, жаңа белестерді бағындырып келеді.

 

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЗАМАНАУИ ГҮЛДЕР АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ЕКІНШІ ҰШУ-ҚОНУ ЖОЛАҒЫ ҚАЛА ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі