13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЗАМАНАУИ ГҮЛДЕР АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

19 июня, 2026
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЗАМАНАУИ ГҮЛДЕР АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
172
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Астана шағынауданында орналасқан жаңа Гүлдер аллеясының ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа нысан қалалық ортаны абаттандыру және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы кезекті маңызды жобалардың бірі болып отыр.

Гүлдер аллеясы гүл саудасын жүйелеу, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және қаланың заманауи сәулеттік келбетін қалыптастыру мақсатында салынған. Мұнда кәсіпкерлер мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып, павильондардың бірыңғай стилі аумақтың көркін арттырады, эстетикалық тартымдылығын күшейтеді.

Жобаны жүзеге асыру үшін сауда нысандарының үздік эскиздік жобаларын іріктеу конкурсы өткізілді. Арнайы құрылған жұмыс тобы кәсіпкерлер ұсынған жобаларды қарап, заманауи қалалардың кеңістігі талаптарына сай келетін ең тиімді сәулеттік шешімдерді таңдады.

Айта кету керек, Гүлдер аллеясының жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді құрайды. Нысан құрылысына инвесторлар шамамен 1 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салған. Жобаның іске асуы нәтижесінде 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып, шағын және орта бизнестің дамуына қосымша серпін береді.

Қала әкімдігі тарапынан кәсіпкерлерге жер телімдерін бөлу және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қажет қолдау көрсетілді. Осылайша мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестіктің нәтижесінде жоба қысқа мерзімде жүзеге асырылып отыр.

Қала әкімі нысанның ашылу салтанатында заманауи қоғамдық кеңістіктер құру мен кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мегаполисті дамытудың маңызды бағыттары екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай жобалар қаланың келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етеді.

Бүгінде павильондардың құрылысы толық аяқталып, жаңа сауда кешені жұмысын бастауға дайын. Гүлдер аллеясы қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орындардың біріне айналып, Шымкенттің одан әрі дамуы мен көркеюінің символы болмақ.

Previous Post

ДЕНЬ ГОРОДА: В МИКРОРАЙОНЕ SHYMKENT CITY ОТКРЫЛИ НОВЫЙ ПАРК

Next Post

ҚАЛА КҮНІ – ШЫМКЕНТТІҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі