13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2021 жылы грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді

16 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
2021 жылы грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік грант арқылы білім беруге қатысты өзгерістер «Білім туралы» Заңға 2016 жылы енгізілген болатын. Сәйкесінше бірнеше жыл бұрын Парламент енгізген өзгерістерге сәйкес, грант бойынша оқыған студенттер оқуларын аяқтаған соң мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болатын.

Тиісінше, бұл норма 2017-2018 академиялық жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс есебінен жоғары оқу орындарына түскен барлық студентке қатысты қолданылады.

 «Егер студент жоғары оқу орнына грант бойынша 2017 жылы түсіп, 2020-2021 академиялық жылы оқуын аяқтаса, ол грантты бұрын қабылданған заңға сәйкес өтейді. Сондықтан бұл ретте айтарлықтай жаңашылдық жоқ», – деп түсіндірді  ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

2021 жылдың басында грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді. Енді жоғары оқу орнында грант арқылы білім алған түлектер грантты мамандық бойынша бұрынғыдай тек мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, жекеменшік мекемелерде де өтей алады.

Сонымен қатар жұмыспен өтеу мерзімі грант бойынша барлық 4 жыл көлемінде емес, тек белгілі бір уақыт аралығында ғана оқығандардардың пайдасына қарай қайта қаралды. Мәселен, студент жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсіп, біраз уақыттан кейін жақсы үлгерімі үшін мемлекеттік білім грантын иеленуі немесе керісінше, грантта оқып жүріп, ақылы бөлімге ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда азамат қанша жыл грант арқылы оқыса, грантты дәл сол мерзімге сәйкес өтей алады.

«Бұған дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған азаматтар грантты тек мемлекеттік ұйымдарда және 3 жыл көлемінде жұмыспен өтеуге міндетті болатын. Енді 2021 жылдан бастап икемді тәсіл қолданылады. Яғни биылдан бастап түлектер меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымда және мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін оқыған жыл көлеміне сәйкес грантты жұмыспен өтей алады», – деді Әділет Тойбаев.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Бастауыш ұйым – партия негізі

Next Post

Шымкентте пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты аяқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі