13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бастауыш ұйым – партия негізі

15 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Бастауыш ұйым – партия негізі
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева партиялық жобаларды іске асыру және басқа да өзекті мәселелер бойынша Қаратау ауданына қарасты бастауыш партия ұйымдарына барды.

Бірінші болып  Сайрам тұрғын алабындағы Қаратау ауданы партия филиалына қарасты «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымымен кездесті. 1200ден астам мүшесі бар «Сайрам-Өркениет» БПҰ 2015 жылы құрылған. Төрайымы Сайрам мектеп интернатының директоры  Жадыра Танатарова. Кездесу барысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының іске асырылу барысы талқыланды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасап, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қаматамасыз ету және жұмыспен қамту – мемлекеттің негізгі мақсаты. Қаратау ауданында ерекше қажеттілігі бар адамдар саны – 8 565, оның ішінде балалар саны – 1495. Аудан аумағында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға, жетім балалар үйіне және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға партия тарапынан, депутаттардың демеушілігімен қайрымдылық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді.  Кездесу соныңда жоба аясында атқарылатын жұмыстар нақтыланып, алдағы жұмыстар бойынша ұсыныстар берілді.

Келесі кездесу  мыңға жұық мүшесі бар «Исфиджап»  бастауыш партия ұйымымен  өтті. Бастауыш партия ұйымы тарапынан атқарылған жұмыстар талқыланып,  «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы жөнінде сөз болды. Қаратау ауданында 31 Ұлы Отан Соғыс ардагері, 378 тыл ардагері бар. Өткен жылы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар бойынша Аудандық ардагерлер кеңесімен бірлесе аудан аумағында  тұратын 10- Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және 80 Тыл ардагерлерін «Ұлы Жеңіс» күні мерекесімен құттықталды.  Сондай- ақ, Бастауыш партия ұйымының араласуымен 365 ардагерге «Жеңістің 75 жылдығына» арналған медальдар таратылды.   Қарттар мен орай аудан аумағында тұратын 365 отбасыға демеушілер есебінен азық-түлік себептері тапсырылған.

— Партиялық жобалар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, әлеуметтік топтағы азаматтарды қолдауға, халықтың табысын арттыруға, әлеуметтік саланы жақсартуға, қаламыздың кешенді дамуына бағытталған. Біздің партия ұйымдарында бағдарлама аясында кешенді шаралар түзіліп, жаңа бастамалар сәтті іске асуда. Оларды сапалы орындау- барлығымыздың міндетіміз, — деді Жанар Әлібекқызы.

Кездесу соңында қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру керектігі айтылды.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Ресейлік жұмыртқалар кері қайтарылды

Next Post

2021 жылы грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі