13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақ ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

15 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Созақ ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Созақ ауданында  өткен жылы балық шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, 2020 жылы «Kaz.Gold.Fish» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауданның «Таскенсаз», «Таушаға» және «Бабата» су қоймаларына 500 мың дана балық  шабақтарын жіберген болатын. Шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Балық өсіру кезінде пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады.

«Созақ балық өнімдері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі   қолдан балық өсірумен айналысады. Шабақтар Сарыағаш ауданындағы «Алтын балық – 2020» ЖШС-нен жеткізілген. Қазіргі таңда аудандағы Бабата су қоймасына яғни   200 мың дана «ақ мур»  және 200 мың дана «дөң маңдай» жалпы 400 мың шабақ балығы жіберілді.

«Балық шаруашылығын дамытамыз деген біршама азаматтар қазіргі таңда  ұсыныс берілуде. Олармен бірлескен жұмыстар жасалуда», – дейді ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түркістан облысы, Созақ ауданы бойынша филиалының директоры Арман Анарбаев.

Айта кетейік, Түркістан облысында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлер саны артуда. Жалпы бүгінгі таңда аудан аумағында 2 шаруашылық балық өсіру ісін қолға алған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қазақстанда мұнайды есепке алу жүйесі 2021 жылы іске қосылады

Next Post

Ресейлік жұмыртқалар кері қайтарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі