13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда мұнайды есепке алу жүйесі 2021 жылы іске қосылады

15 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда мұнайды есепке алу жүйесі 2021 жылы іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жыл Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін ерекше болады. Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен (бұдан әрі – ЦДИАӨМ) бірлесіп, «ҰАТ» АҚ базасында мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – МЕАЖ) толыққанды режимде іске қосады. Механизм тұтынушыға жеткізуге дайындалған айналымдағы шикі мұнай мен газ конденсатының мөлшері туралы деректерді жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін болады.

МЕАЖ дайындықтан, тасымалдаудан, сақтаудан, тиеп-жөнелтуден, өткізуден, Қазақстаннан тысқары жерлерге әкелуден және әкетуден бастап мұнай мен газ конденсатын есепке алудың тиімді құралы ретінде құрылған. Сондай-ақ бұл есептерді тапсыру кезінде адами фактор қателерінің азаюына және қағаз құжат айналымы үлесінің қысқаруына әкеледі.

Мұнай мен газ конденсатын есепке алу жүйесі мұнай өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын болады. Өндіру, дайындау, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, Қазақстаннан әкелу және әкету көлемдері туралы барлық деректер ақпараттық жүйеге берілетін болады. Компаниялар сондай-ақ орнатылған есептеу құралдарын ішкі бақылау ретінде немесе басқа мақсаттар үшін пайдалана алады.

Уәкілетті орган жедел деректер негізінде мемлекеттік деңгейде шұғыл шешім қабылдайтын,  газ конденсаты мұнайының айналымын болжайтын, материалдық теңгерімді автоматты түрде есептей алатын және есепке алу аспаптарынан алынған деректер негізінде есептер қалыптастыра алатын болады.

Бұл ретте, нақты ақпарат алу үшін барлық деректер әр ұйымнан жеке қабылданады, ал есептер кәсіпорынның қызметіне байланысты қалыптасады. Мысалы, мұнай тасымалдау ұйымдары өндіруші ұйымдардан мұнайды қабылдау, мұнай өңдеу ұйымдарына және экспортқа тапсыру бойынша есептерді береді.

Бүгінгі таңда жүйе пилоттық режимде іске қосылған және оған 3 мұнай тасымалдаушы ұйымы қосылды: – «ҚазТрансОйл», «МұнайТас» және «Қазақстан-Қытай Құбыры». «Каспий құбыр консорциумы» қосылу сатысында тұр. Ағымдағы жылы жүйеге Қазақстанның мұнай өндірісінің жалпы көлемінің 60%-ын қамтамасыз ететін бірқатар ұйымдарды қосу жоспарлануда. 2021-2022 жылдары МЕАЖ-ға барлығы 3 мұнай өңдеу зауыты, 16 шағын МӨЗ, 4 мұнай тасымалдау ұйымы және 100 жер қойнауын пайдаланушы деректер жіберетін болады.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алды

Next Post

Созақ ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі