13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі әскери міндеттілер жиында төтенше жағдайындағы іс-қимылдарын пысықтады

5 мая, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі әскери міндеттілер жиында төтенше жағдайындағы іс-қимылдарын пысықтады
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасында әскери міндеттілермен он күндік тактико-арнайы оқу жиындарының қорытынды кезеңі өтті. Финалдық кезең барысында қатысушылар стратегиялық объектілерді күзету және қорғау, төтенше жағдайларда өзара іс-қимыл жасау және жедел әрекет ету бойынша тапсырмаларды тәжірибе жүзінде пысықтады. Іс-шараға бригада басшылығы, қала әкімдігінің өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Он күндік жиындардың финалдық кезеңі «Химфарм» акционерлік қоғамының аумағында өтті, онда ауқымды ведомствоаралық оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Басты мақсат – төтенше жағдайлар жағдайында стратегиялық маңызды объектілерді күзету және қорғау кезінде аумақтық әскерлер бөлімшелерінің, құқық қорғау органдары мен жедел қызметтердің өзара іс-қимылы мен үйлесімділігін жетілдіру.
Оқу-жаттығу сценарийі нақты жағдайға барынша жақын бірнеше тактикалық эпизодтарды қамтыды. Бірінші кезеңде бір топ азаматтар тарапынан жағдайды тұрақсыздандыру әрекетіне жауап ретінде өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар пысықталды.
Кейін шартты жағдай күрделене түсті: нысан аумағына көлікпен өту әрекеті тіркелді. Әскери міндеттілер көлік құралын жедел түрде бұғаттап, шартты диверсиялық-барлау тобымен шайқасқа кірісті. Күшейту үшін арнайы мақсаттағы бөлімшелер мен полиция тартылды, олар ауданды бұғаттап, шартты қарсыласты бейтараптандырды.
Жеке эпизод қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны анықтау кезіндегі іс-қимылдарға арналды. Мамандар қауіп-қатерге баға беріп, қоршау ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қауіпті затты жойды.
Белсенді фаза аяқталғаннан кейін жергілікті аумақты тазарту, азаматтарды сүзгіден өткізу бойынша бекеттер құру іс-шаралары пысықталды. Қосымша ТЖМ-нің өрт бөлімшелерін тарта отырып, ұрыс қимылдарының салдарынан пайда болған шартты өртті сөндіру жөніндегі міндеттер орындалды.
Оқу-жаттығудың екінші эпизодында әскери міндеттіллер алғашқы медициналық көмек көрсету және шартты жаралыларды медициналық мекемелерге эвакуациялау бойынша жұмыстарды пысықтады.
Басшылықтың бағалауы бойынша, жеке құрам жоғары деңгейдегі дайындықты, іс-қимылдардың үйлесімділігін және мақсат бойынша міндеттерді орындауға дайын екендігін көрсетті. Өткізілген жиындар әскери міндеттілердің практикалық дағдыларын арттыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.

Previous Post

«БІРЛІК ДАСТАРХАНЫ»: ШЫМКЕНТТЕ БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫ НАСИХАТТАҒАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Next Post

Шымкентте 500-ге жуық оқушы әскери колледждегі «Ашық есік күніне» қатысты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі