13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттегі әскери колледж қайта құрылуының екі жылдығын атап өтті

30 апреля, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкенттегі әскери колледж қайта құрылуының екі жылдығын атап өтті
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжі жаңа форматтағы оқу орны болып қайта құрылғанына екі жыл толуын атап өтті. Атаулы күн мен Отан қорғаушылар күніне (7 мамыр) орай оқу орынының ұжымы 10 шақырымдық жаппай спорттық жүгіру ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау, дене дайындығын дамыту және колледж білім алушылары мен басшылығы арасындағы командалық рухты нығайту болды.
Жүгіру басталар алдында колледж бастығы, полковник Мақсат Ахшалов қатысушыларға арнап сөз сөйлеп, оқу орнының соңғы екі жылдағы жетістіктерін атап өтті және жастар арасында патриотизм, тәртіп пен әскери борышқа адалдық сезімін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
– Бүгін біз тек дене дайындығымызды нығайтып қана қойған жоқпыз, сонымен қатар оқу орнымызға деген құрметімізді білдірдік. Мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіріп, патриоттық рухты тәрбиелейді және Отанға қызмет етудің маңызын еске салады. Ашық ауада өткен бұл шара барлық қатысушыларға сергектік, күш-қуат және жақсы көңіл күй сыйлады деген ойдамын, – деді полковник Мақсат Ахшалов.
Әскери колледж кіші командалық құрамды техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды. Оқу мерзімі негізгі орта білім негізінде 2 жыл 10 айды құрайды.
Оқу үдерісі мотоатқыш, танк, зымыран және артиллерия бөлімшелерін басқару мамандықтары бойынша жүргізіледі. Бітірушілерге оқуын аяқтаған соң «кіші сержант» әскери атағы беріледі.
Колледжге 15 пен 17 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Түлектер техникалық және кәсіптік білім туралы диплом мен автокөлік жүргізу сертификатын алады, сондай-ақ Қарулы күштердің түрлі әскер түрлерінде қызмет ету және сержанттық құрамда мансаптық өсу мүмкіндігіне ие болады. Бұдан бөлек, олар толық мемлекеттік қамтамасыз етумен, тұрғын үймен қолдау шараларымен және 45 жаста зейнетке шығу мүмкіндігімен қамтылады.
Сонымен қатар, колледж тәрбиеленушілері толық мемлекеттік қамтамасыз етумен (киім-кешек, медициналық қызмет және т.б.) қамтамасыз етеді және кәсіби даму мен біліктілікті арттыруға, соның ішінде шетелде білім алуға мүмкіндік береді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте запастағы сарбаз әскерге шақырылушылармен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі