13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте запастағы сарбаз әскерге шақырылушылармен кездесті

30 апреля, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкентте запастағы сарбаз әскерге шақырылушылармен кездесті
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының қалалық жинау бекетінде жақында ғана запасқа шығарылған әскери қызметші мен алдағы уақытта сол әскери бөлімге аттанатын шақырылушылардың кездесті.

Белгіленген уақытта жинақтау бекетіне жуырда теңіз жаяу әскері бригадасында мерзімді қызметін аяқтаған гвардия кіші сержанты Тимур Абдугафаров келді. Ол жиналғандардың арасынан бірден өзінің батарея сержанты – аға сержант Камронбек Хайитматовты танып, қызмет барысында өзіне тәлімгер әрі аға жолдас болғанын атап өтті. Жылы жүздесуден кейін олар бірге шақырылушыларға бағыт алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ әскери қызметшілермен ашық әрі еркін форматта пікір алмасу болды. Кездесуге шамамен 30 шақырылушы, сондай-ақ команда жасақтау үшін келген 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, офицерлер мен сержанттар қатысты.
Кездесу еркін әрі достық жағдайда өтті. Тимур Абдугафаров өзінің қызмет барысындағы тәжірибесімен бөлісіп, теңіз жаяу әскерлеріндегі әскери өмірдің ерекшеліктері туралы айтып, болашақ сарбаздарға практикалық кеңестер берді. Ол әсіресе тәртіп, жолдастық және моральдық дайындық мәселелеріне ерекше тоқталды.
– Бір жыл бұрын мен де дәл осы жігіттер сияқты іріктеудің барлық кезеңінен өттім. Бұл уақыт өте тез өтіп, тек жақсы әсерлер қалдырды. Қызметіме, командирлеріме және қаруластарыма ризамын. Таңдауыма еш өкінбеймін. Бүгін шақырылушыларға қызметтің алғашқы кезеңдері, бейімделу, оқу-жаттығулар туралы ашық айтып беруге тырыстым. Олар үшін пайдалы болды деп ойлаймын, – деді гвардия кіші сержанты Тимур Абдугафаров.
Шақырылушылар кездесуге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, алдағы қызметке қатысты өз ойларымен бөлісті.
– Мен әу бастан теңіз жаяу әскерлері бригадасында қызмет етуді мақсат еттім, себебі бұл еліміздегі ерекше әскери бөлім. Біз оған алдын ала дайындалдық. Бүгінгі кездесу өте пайдалы болды – Тимур өз тәжірибесімен бөлісіп, маңызды кеңестер берді. Біз жақсы мотивация алдық, – деді әскерге шақырылушы Фазиз Мансур.
Мұндай кездесулер шақырылушыларға әскери қызметтің ерекшеліктерін жақсы түсінуге, пайдалы кеңестер алуға және әскерге сенімді түрде дайындалуға көмектеседі.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте ХҚКО мен МХҚКО-лар мамыр мерекесінде қалай жұмыс істейді?

Next Post

Шымкенттегі әскери колледж қайта құрылуының екі жылдығын атап өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі