13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

17 апреля, 2026
in Uncategorized
0
БІЛІМ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау кеңесі мен Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Жиында партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында бекітілген Жол картасының орындалу барысы кеңінен қаралып, әлеуметтік маңызы жоғары салалардағы түйткілді мәселелер сарапқа салынды.

Басқосуға қалалық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Талғат Балтабаев, «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі кеңестің төрайымы Баян Жандосова, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Абай Рахматуллаев, Білім басқармасы басшысының орынбасары Кульзина Уалиханова және кеңес мүшелері қатысты.

Жиын барысында білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Кульзина Уалиханова өз баяндамасында Сайлауалды бағдарлама аясындағы жоспарлардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде қалада 50 жаңа мектеп пен 10 мектептің қосымша ғимаратын салу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл – оқушы орындарының тапшылығын азайтып, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар. 2026 жылға жоспарланған жобалар қатарында жеке инвестициялар есебінен медициналық нысандар салу көзделген. Атап айтқанда, 900 төсектік университеттік клиника мен ауысымына 700 адам қабылдайтын ірі медициналық кешен жобасы күн тәртібінде тұр. Сонымен қатар, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Абай ауданындағы «Шымсити» шағын ауданында жеке инвестиция есебінен 3 қабатты «Шымфарм» медициналық орталығын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл нысандар қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Отырыста кеңес мүшелері де өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тиісті басқарма өкілдерінен нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен жиын пікір алмасуға, ұсыныстар айтуға және нақты шешімдер қабылдауға жол ашты.

Сонымен қатар, қала тұрғынының денсаулық сақтау саласына қатысты мәселесі тыңдалып, оны шешу жолдары қарастырылды.

Жалпы, аталған басқосу – «AMANAT» партиясының сайлауалды уәделерін орындау бағытындағы жүйелі жұмыстың көрінісі. Білім мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға бағытталған мұндай талқылаулар алдағы уақытта да жалғасын тауып, халық игілігіне қызмет ететін нақты нәтижелерге ұласары сөзсіз.

#AMANAT

Previous Post

Армия – шыдамдылық пен тәртіп мектебі

Next Post

Сарбаздар өз қызметімен таныстырды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі