13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – 2026» қалалық жұптар байқауы өтті

15 апреля, 2026
in Uncategorized
0
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – 2026» қалалық жұптар байқауы өтті
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – 2026» атты қалалық жұптар байқауы жоғары деңгейде өтті. Іс-шараны Орталық Азия Инновациялық университеті ұйымдастырып, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты қолдау көрсетті.

Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында адал махаббат, сыйластық, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Іс-шара барысында қатысушы жұптар 5 кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін, тапқырлықтарын және бір-біріне деген үйлесімділіктерін көрсетті. Сайыс кезеңдері:

  • Таныстыру
  • Білім және руханият
  • Шығармашылық пен өнер
  • Дефиле – қазақы образ
  • Байқауды қорытындылау

Байқауға қаладағы 6 жоғары оқу орнынан 6 жұп қатысып, тартысты додада бақ сынады.

Қазылар алқасының құрамында:

  • Орталық Азия Инновациялық университетінің әлеуметтік даму және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлан Шахизиндаұлы Хайдаров;
  • Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Ақбота Бихожақызы Оспан;
  • «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер Аманаты» комиссиясының төрайымы Шунгараева Гүлайым Аскерқызы;
  • Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі Әлжан Аружан Русланқызы;
  • Кеш демеушісі әрі жобалар ұйымдастырушысы JAKE TAU.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:

  • I орын – Айбек пен Аида (М. Әуезов атындағы ОҚЗУ);
  • II орын – Муслим мен Анеля (Орталық Азия Инновациялық университеті);
  • III орын – Мараби мен Мөлдір (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы).

Аталған шара жастардың басын қосып, ұлттық мерекенің мәнін терең түсінуге, салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

 

Previous Post

Шымкент: Әскерден оралған сарбаздарға құрмет көрсетілді

Next Post

Шымкентте «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны басталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі