13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

700-ге жуық қазақстандық бір айда ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылықты үйренді

13 апреля, 2026
in Жаңалықтар
0
700-ге жуық қазақстандық бір айда ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылықты үйренді
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Наурыз айынан бастап ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылық бойынша оқыту курстары Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді болды. Бір айдың ішінде шамамен 700 қазақстандық оқудан өтіп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды меңгерген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Жоба алғашында Астанада пилоттық форматта іске қосылған. Сұраныс жоғары болғандықтан, наурыз айынан бастап ол еліміздің барлық өңіріне кеңейтілді.
Сабақтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтеді. Оқыту барысында азаматтар цифрлық сервистерді еркін пайдалану мен мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн алу дағдыларын меңгереді.
Практикалық оқыту барысында қатысушылар электрондық цифрлық қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, соттылығы бар-жоғы туралы анықтама алу сияқты қызметтерді қалай рәсімдеу керектігін үйреніп, оларды бірден өз беттерінше жасап көреді. Мұндай формат әсіресе ересектер мен зейнет жасындағы адамдар үшін қолайлы — олар цифрлық қызметтерді асықпай, түсінікті түрде меңгере алады.
Астанада сабақтар тұрақты түрде сәрсенбі және жұма күндері өтеді, ал өңірлерде кесте ХҚКО жүктемесіне қарай жасалады. Оқыту тегін, алдын ала жазылу талап етілмейді.
«Бүгінде мемлекеттік қызметтерді ХҚКО арқылы да, түрлі цифрлық сервистер арқылы онлайн форматта да алуға болады. Бұл мүмкіндіктер азаматтар үшін шынымен қолайлы болуы үшін цифрлық дағдыларды дамыту және пайдаланушыларды оқыту маңызды. Бұл өз кезегінде әр азаматқа қажетті қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік береді», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Жоба Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді ету және қазақстандықтардың онлайн форматқа сенімді көшуіне көмектесу.
Оқыту «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Таным» корпоративтік оқу орталығы тарапынан ұйымдастырылған. Сабақтар 4 ақпан мен 30 маусым аралығында өтеді және барлық қатысушылар үшін тегін.

Анықтама үшін: Цифрлық сауаттылық бойынша сабақтар келесі мекенжайдағы ХҚКО-да өтеді: Шымкент қ. — Бәйтереков көшесі, 89. Өткізу уақыты: сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін.

Previous Post

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңесте жастар саясатының басым бағыттары айқындалды

Next Post

Шымкент: Әскерден оралған сарбаздарға құрмет көрсетілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі