13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жауынгерлік дайындық тәжірибе жүзінде расталуда

8 апреля, 2026
in Жаңалықтар
0
Жауынгерлік дайындық тәжірибе жүзінде расталуда
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері қысқы оқу кезеңінің қорытындысы бойынша бақылау тексерісін тапсыруда.

Сәуір айының басынан бастап Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде бақылау тексерісі басталды. Оның барысында әскери қызметшілер негізгі әскери пәндер бойынша өз дайындық деңгейін растайды. Олардың қатарында тактикалық, арнайы, атыс, дене дайындығы, саптық және мемлекеттік-құқықтық дайындық бар.
Тексерістің негізгі мақсаты — жеке құрамның дайындық деңгейін, бөлімшелердің үйлесімділігін, сондай-ақ қысқа мерзімде жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын объективті бағалау.
Бақылау сабақтары тұрақты орналасу пункттерінде де, оқу полигондарында да өткізіледі. Әскери қызметшілер сынақтарды тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибелік тұрғыда да — жеке және бөлімше құрамында тапсырады.
— Біз барлық дайындық бағыттары бойынша емтихандарды сәтті тапсырып жатырмыз. Жеке өзіме бұл қиындық тудырмайды. Алғашқы күні-ақ дене дайындығы мен мемлекеттік-құқықтық дайындық бойынша сынақтарды тапсырдық. Нәтижесінде әрбір әскери қызметші тиісті бағасын алады, — деді Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының әскери қызметшісі, капитан Қуаныш Сауыт.
Тексеріс қорытындысы бойынша бөлімшелердің жауынгерлік даярлығының деңгейіне және өткен оқу кезеңінің тиімділігіне кешенді баға берілетін болады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

ЕҢБЕК ДАУЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі