13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Атқарушылық іс-жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері туралы мақала

30 марта, 2026
in Қоғам
0
Атқарушылық іс-жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері туралы мақала
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Әділет департаментінің «Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлім» филиалының сот орындаушысы Сәйфі Қасымхан Ердесбайұлы Атқарушылық іс-жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері туралы халыққа кеңінен түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, атқарушылық іс-жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері туралы ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңымен реттелген, аталған Заңның негізінде сот орындаушылар атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, орындау сатыларын жүзеге асырады.

ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртбесі туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 15 бабына сай атқарушылық іс жүргізудің тараптары өндіріп алушы мен борышкер болып табылады. Атқарушылық іс жүргізудің тараптары өз мүдделерін қорғау үшін, атқарушылық құжатпен танысу үшін және тағыда басқа уәкілеттіліктерін сенімхатқа көрсете отырып басқа тұлғаға сенім білдіруі мүмкін.
Ендігі кезекте Заңның 16 бабында атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті. Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті. Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазіргі таңда сот орындаушының әрекеті немесе әрекетсіздігі бойынша тараптар Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылыған ақпараттық жүйесі (АІЖОААЖ) арқылы кіру батырмасын басып «тараптардың кабинеті» деген пунктіге кіріп атқарушылық іс жүргізу бойынша толық бақылай алады, атқарушылық іс жүргізу бойынша қабылданған қаулылармен және тағыда басқа хаттармен, құжаттармен дереу таныса алады.

Сәйфі Қасымхан Ердесбайұлы

Шымкент қаласы Әділет департаментінің “Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі” филиалының сот орындаушысы

Previous Post

В День очищения военнослужащие провели в гарнизонах экологические акции

Next Post

Заң клиникасы шеңберінде студенттер тегін заңгерлік кеңес пен практикалық көмек алады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі