13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан бекеттері қай кезде ашылады?

6 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен Қырғызстан бекеттері қай кезде ашылады?
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай» және «Ақ жол» өткізу бекеттерін ашу мәселелерін талқылады

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Қырғызстан Республикасының Көлік, сәулет, құрылыс және коммуникациялар министрлігінің өкілдері арасында кездесу өтті. Оған ҚР ИИДМ вице-министрі Берік Қамалиев және ҚР көлік министрінің  орынбасары Талант Солтобаев қатысты.

Жиынға, сондай-ақ, ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің, қос мемлекеттің шекара қызметтерінің және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мердігер ұйымдарының өкілдері қатысты. Тараптар «Қордай» және «Ақ Жол» өткізу бекеттерін ресми түрде ашу мәселесін талқыға салды. Шара Қырғыз Республикасы тарапынан «Ақ Жол» өткізу бекетіндегі жұмыстар аяқталып, эпидемиологиялық жағдай тұрақталған кезде өтеді деп көзделген. Қазақстандық «Қордай» өткізу бекетін реконструкциялау жұмыстары 100%-ға аяқталған. Айта кетейік, жаңартылған «Қордай» бекетінің өткізу әлеуетін тәулігіне 2500 автокөлік пен 25 мың адамға дейін ұлғайту жоспарланған.

Бұдан бөлек, жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Алматы облысындағы «Ұзынағаш — Отар» республикалық маңызы бар жолдың 63-159 шақырымындағы реконструкция жұмыстарын қарап тексерді. 63-101 шақырымдағы учаскеде мердігер ұйым барлық негізгі құрылыс жұмыстарын жүргізген. Бұл шаралар толықтай 2021 жылы тәмәмдалмақ. Сондай-ақ, биыл 101-143 шақырымдағы реконструкциялау учаскесінде жаңа мердігерді анықтау үшін байқау өткізу көзделуде. Үшінші учаскеде жаңарту жұмыстары 2020 жылы аяқталған болатын. 143-159 шақырымдағы қозғалыс толықтай ашылды. Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланушылар тас жолдың жаңартылған 58 шақырым жолымен жүре алады.

Вице-министр, сондай-ақ, «Алтын Орда» нарығы аумағындағы «Алматы-Бішкек» автожолының 16-19 шақырымындағы жүріс бөлігін кеңейту бағытындағы жұмыс қарқынымен танысты.

Қазір жолды абаттандыру және сыртқы жарықтандыру, қозғалыс қиылысының арматуралық торын орнату, бұрылыс магистральды өтпе жол мен 4 аялдаманы орнату бойынша жұмыстар аяқталуға таяу. Бұл жұмыстарды 2021 жылдың 1 қазанына дейін аяқтау жоспарланған.

Вице-министр Үлкен Алматы айналма жолының құрылыс алаңында да болды. Ондағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылы аяқталады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Шамалған станциясындағы эстакада құрылысының барысы да тексерілді. Онда көлік құралдары үшін қозғалыс 2021 жылдың соңына дейін ашылатын болады. Кездесулер нәтижесінде мердігерлерге жобаларды іске асыру бойынша бірқатар нұсқаулар мен тапсырмалар берілді.

Tags: 13kz13kz.kz
Previous Post

Мереке қарсаңында полицей арулар марапатталды

Next Post

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі