13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мереке қарсаңында полицей арулар марапатталды

5 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Мереке қарсаңында полицей арулар марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Шуақ шашқан көктем мерекесі «8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні» қарсаңында, Түркістан облысы Полиция департаментінде қызмет атқаратын полицей қыз-келіншектерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков әйелдерді мерекемен құттықтай отырып: «Құрметті полицей арулар, Сіздер, қиын да қауіпті салада қаймықпастан абыройлы қызмет атқарып келесіздер. Осы батыл әрекеттеріңізді, жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын. Жауапкершілікті жіті сезініп, ер азаматтармен қатар қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда мінсіз қызмет үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Мерекелеріңізбен»»-деп шынайы алғысын жеткізді. Карантин талабы сақтала отырып өткізілген шарада, 80-ге жуық полицей қыздардың еңбектері еленіп, қуанышқа бөленді.

Атап айтсақ, Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты және өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен полиция майоры Айгүл Құдайбергенова марапатталса, ІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» омырау белгісімен полиция майоры Іңкәр Қошқарова, полиция капитаны Ақнұр Бекбутаева, полиция капитаны Жанна Орынбаева, полиция аға лейтенанттары Ақнұр Шырынбекова мен Майра Елемесовалар марапатталды. Сондай-ақ ҚР ІІМ-нің Грамотасымен ішкі аудит тобының бас маманы Ләззат Перменова және тағы осы бұйрықпен 6 қызметкерге Алғыс жарияланды.

Оған қоса, облыс әкімі Шөкеевтің де марапаттары тиісті білікті қызметкерлерге жеткізілді. Нақтырақ айтсақ, еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін Түркістан облысы әкімінің грамотасымен полиция полковнигі Салтанат Бегімбайқызы, полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызы, округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрайымы Ляззат Қалматаева марапатталды. Ал, облыс әкімінің Алғыс хатымен полиция подполковнигі Жанар Қалабаева, полиция капитаны Айгерім Төрегелдиева, «Емханасы бар Госпитальдың» ауруларды қарау жөніндегі санитары Нағима Омарова марапатталды.

Одан бөлек мереке қарсаңында, өздерінің міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасымен сарапшы-психиатр Шолпан Қасымбаева, іс-жүргізуші инспектор Адель Амантайқызы, дәл осындай марапатпен тағы 23 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар осы бұйрықпен 29 қызметкерге Алғыс жарияланып, 1 қызметкердің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды.

Иә, бүгінде шенді арулар, Полиция департаментінің барлық бөлімшелерінде қызмет атқарады. Олардың ішінде тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер, жедел уәкілдер, ювеналдық полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары бар. Олардың әрқайсысы өз қызметінің нағыз мықтылары десек қателеспейміз. Ендеше, қоғамдық қауіпсіздікті және тұрғындардың тыныштығын сақтауды қамтамасыз етіп жүрген полицейлерді, жұлдыздарыңыз жанып, тек биіктен көрініңіздер демекпіз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз8-наурызполиция департаментіТүркістан облысы
Previous Post

Мұрат Әйтенов: Біз сіздерге қарыздармыз

Next Post

Қазақстан мен Қырғызстан бекеттері қай кезде ашылады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі