13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

5 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әскери қызметші аруларды, азаматтық персоналды, ардагер әскери қызметші әйелдерді және әскери қызметшілердің аяулы жарларын келе жатқан мерекемен құттықтады.

– Жаны нәзік болса да, күш-жігері мықты әскери қызметші қыздар қызметтік міндеттерін орасан зор жауапкершілікпен атқарады. Әйел заты бар ұжымда әрқашан ұйымшылдық, өзара құрмет, ілтипат ұялаған, – деп атап өтті ол өзінің құттықтауында.

Қорғаныс министрі әскери қызметшілердің аяулы жарларына да ризашылығын білдірді.

– Біз, ер-азаматтар, отбасының ұйытқысы болғаныңыз, мейірімділігіңіз бен қамқорлығыңыз үшін сіздерге қарыздармыз. Әйел затына тән қасиеттер ер-азаматтың күш-жігерін арттырып, кез келген қиындықты жеңуде қуат береді, өмірімізді жарқын әрі шуақты етеді, – деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.

Қорғаныс ведомствосының басшысы әйел даналығы мен қамқорлығы, еңбекқорлығы мен кез келген қиындыққа төзе білу қасиеті Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту ісінде маңызды фактор болып табылатынын атап өте отырып, Отан алдындағы қасиетті борышын адал өткеріп жүрген Отан қорғаушыларымыздың аналарына да шын жүректен ризашылық сөздерін жеткізді.

Бүгінгі күні әйелдер Қарулы Күштердің барлық саласында аянбай қызмет етуде. Олар ер-азамат меңгерген барлаушы, десантшы, мерген, әскери ұшқыш мамандығын біліктілікпен атқаруда.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде жеті мыңнан астам әскери қызметші ару қызмет өткеруде. Олардың 913-і офицер, ал 20-сы полковник.  Төрт әскери қызметші әйел штабтық офицерлер мен әскери байқаушылар ретінде БҰҰ-ның Батыс Сахарадағы және Ливандағы миссияларына қатысты. Шамамен бес мың әйел азаматтық персонал ретінде жұмыс істейді.

 

Previous Post

Әлемдегі асыл жандардың мерекесі құтты болсын!

Next Post

Мұрат Әйтенов: Біз сіздерге қарыздармыз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі