13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әлемдегі асыл жандардың мерекесі құтты болсын!

5 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Әлемдегі асыл жандардың мерекесі құтты болсын!
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы Абай атындағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының директоры Орынбеков Арман Шымбайұлы барлық ұстаздарды, аналар мен аруларды 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, жылы лебізін арнады.

 -Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін ерекше мерекенің бірі — 8 наурыз! Бұл — әлемдегі асыл жандардың ең жарқын мерекесі. Бір ғасырдан астам уақыт бойы осы мереке дүние жүзінің 80-нен астам елінде, сол секілді Қазақстанда да ерекше аталып келеді. Бұл күн әйелдерге зор құрметпен қарауды қанға сіңдіріп, оларға айрықша ізет көрсету, лайықты деңгейде құттықтау дәстүрі жағымды әдетке айналды. Шындығында, әйел — отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда да бейбітшілік пен тыныштықтың шырақшысы саналады. «Әйел — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген де соны білдірсе керек. Осындайда Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Әйел шексіз құдірет иесі. Тарих тағылымында ең айтулы өзгерістердің барлығы әйелдердің қолымен немесе әйелдер үшін жасалады», — деген сөзі еске оралады.  Түйіндей айтқанда, әйел қоғамның тірегі, мемлекет дамуының тұғыры. Тәуелсіздік жыл­дарында тыныштық пен тұрақ­ты­лықты сақтауда әйелдер қауымының үлесі зор болған болса, ендігі күні де елдік саясаттың осы бағытында мемлекет те нәзік жандылардан ұдайы қолдауға сүйенеді.

 Аяулы да ардақты әйелдер қауымы!

Қадірлі аналар, әпкелер, қыздар, арулар!!!

Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да, Өздеріңіз!

Сіздерді 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толассыз шығармашылық табыс, ырыс-құт тілеймін. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын! – делінген құттықтау хатта.

Tags: 13kz13kz.kz13кз8-наурызЖанат ТәжиеваОрынбеков АрманШымкент
Previous Post

Бағдат Мусин 109 - бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты

Next Post

Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі