13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Конституциялық реформаны қолдауға арналған ерекше мурал ашылды

25 февраля, 2026
in Жаңалықтар
0
Түркістанда Конституциялық реформаны қолдауға арналған ерекше мурал ашылды
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында Конституциялық реформаны қолдау мақсатында ауқымды әрі мазмұнды іс-шара өтті. Қаланың басты туристік орталықтарының бірі – Керуен сарай кешені аумағындағы тұрғын үйдің қасбетіне кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен арнайы Конституциялық мурал салынды.
Жаңа мурал – еліміздегі саяси жаңғыру үдерістерінің, әділетті қоғам құру жолындағы батыл қадамдардың көркем бейнесі. Онда Конституциялық реформаның мәні, халық еркі мен бірлігінің маңызы, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік идеялары заманауи көркемдік тәсілдер арқылы айшықталған.
Бұл бастама – мемлекеттік қолдаумен ғана емес, азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік қауымдастықтың белсенді атсалысуымен жүзеге асқан игі іс. Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі мен ел болашағына деген жанашырлығының нақты көрінісі ретінде бұл жоба қоғам тарапынан жоғары бағаланды.
Муралдың ашылуына орай жастар өкілдерінің қатысуымен арнайы флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар Конституциялық реформаны қолдайтын ұрандар айтып, көк аспанға референдум тақырыбындағы әуе шарларын ұшырды. Бұл символикалық әрекет – елдің жарқын болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің белгісі болды.
Шара аясында жастар реформаның маңыздылығы, оның мемлекет дамуына ықпалы туралы пікірлерін білдіріп, Конституция – ел бірлігінің, тұрақтылық пен әділеттіліктің берік негізі екенін атап өтті. Ашық аспан астында өткен бұл патриоттық акция қатысушыларға ерекше рух сыйлап, көпшіліктің есінде ұзақ сақталатын тағылымды сәтке айналды.
Жаңа мурал туристік нысандарға тың серпін беріп, қаланың көркем келбетін одан әрі айшықтай түсті. Бүгінде тұрғын үйдің қасбетіндегі Конституциялық мурал жастардың сүйікті фото-аймағына айналып үлгерді. Бұл – өнер арқылы қоғамдық құндылықтарды насихаттаудың тиімді үлгісі.
Аталған жоба – Конституциялық реформаның мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіруге бағытталған креативті әрі мазмұнды бастамалардың бірі. Түркістан қаласында жүзеге асқан бұл игі іс – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ ұмтылысының айқын көрінісі.

Previous Post

Асхат Аймағамбетов қоғам кең талқылаған Конституция жобасының баптарын түсіндірді

Next Post

Электронды апостиль: Құжаттарды заңдастырудың заманауи тәсілі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі